Атырауда өрт сөндірушілер әжей мен балалаларды құтқарып қалды

img 20210123 wa0002 Жаңалықтар

«Тосын оқиға 20 қаңтар күні болған» деп хабарлайды Atr.kz

Өрт сөндірушілер пульті 17 сағат 35 минутта Атырау қаласындағы Абдрахманов көшесінде орналасқан көп қабатты тұрғын үйдің бірінде түтін шыққаны туралы хабарлама алады.


Шақырту орнына келген бригада бірінші, екінші қабаттарда электр қалқанының өртенгенін анықтайды. Өрт салдарынан кіреберісті қара түтін басады.


«Барлау жұмыстарын жүргізу барысында пәтерлердің бірінде қарт әжесі бар балалар қалғаны анықталды.
Үшінші қабаттағы балконнан көмек сұраған әжей пәтерден өздігінен шыға алмайтындарын айтты.


№1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері – азаматтық қорғау старшинасы Рафаэль Закиров пен азаматтық қорғау кіші өрт сөндіру сержанты Амангелді Ақжол жедел әрекет етіп, үш иінді саты орнату арқылы, әжей мен балаларды эвакуациялады» делінген Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметте.

Өрт 17 сағат 53 минутта оқшауланып, 18 сағат 02 минутта толықтай сөндірілді. Өртті сөндіруге 2 техника мен 8 қызметкер жұмылдырылды. Қаза тапқандар жоқ.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз