Атыраулық палуандардың жарқын жеңісі
Atr.kz/17 қазан, 2019 жыл. Жуырда Ақтау қаласындағы «Каспий» спорт кешенінде заманымыздың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына орай қазақ күресінен республикалық турнир өз мəресіне жетті.
Тартысқа толы өткен турнирде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Орал, Түркістан қалалары мен Маңғыстау облысының 50-ге жуық палуаны үш салмақ бойынша бақтарын сынады. Жарыс қорытындысында 82 келіден жоғары салмақта барлық кездесуінде бабында болған жерлесіміз Сұңғат Закарияев жеңімпаз болып, турнирдің «Түйе палуаны» атанды.
Осыған қоса, 66 келі салмақта өнер көрсеткен тағы бір атыраулық Айболат Ыстыбай да барлық қарсыластарынан басым болып өз салмағында жеңіс тұғырының жоғарғы сатысынан орын алды. Ал, осы салмақта боз кілемге шыққан А.Әбілов үздік үштікті түйіндеді.