Бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдар үшін жаңа жәрдемақы енгізілмек

210201120921805a3747708i Жаңалықтар

Бүгін Мәжілісте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.

«Заң жобасы Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды орындау (ҚР ҮҚ 28.05.2019 ж.) аясында әзірленген және Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарында көзделген. Жоба негізіне Парламент Сенатының және Мәжілісінің жұмыс тобы мүшелерінің, Үкімет жанындағы мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің, сондай-ақ жұртшылық пен сараптамалық қоғамдастықтың ұсыныстары қабылданды. 75 заңнамалық актіге, оның ішінде 10 кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр», – деді министр.

Заң жобасы мынадай мақсаттарда әзірленді:

– Бірккен Ұлттар Ұйымының Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясының заңнамадағы кемсітушілік терминдерді жою жөніндегі нормаларын имплементациялау;

– мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғауды жетілдіру;

– Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы «инватакси» (2023 жылдан бастап) және арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуға құжаттарды ресімдеу, табысы аз отбасыларды кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету;

– жұмысқа орналастыруды ынталандыру және мүгедектігі бар адамдардың экономикалық белсенділігі үшін мүмкіндіктер жасау;

– еңбек ардагерлері санаттарын кеңейту;

– бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған, еңбек қызметі қайта басталған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің кепілдік берілген деңгейін белгілеу.

«Осы нормалар «Nur Otan» партиясымен қолдау тапқанын және сайлауалды тұғырнамада қамтылғанын атап өту керек», – деді Серік Шапкенов.

Осы орайда ол тұжырымдамалық жаңалықтарға тоқталды.

«Біріншіден, мүгедектіктің себебіне қарамастан 1-топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын адамдарға жәрдемақы енгізу. Осы жәрдемақымен күтім жасайтын қосымша 24 мыңнан астам адам қамтылатын болады.

Сондай-ақ, медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер негізінде қажеттілік дәрежесін ескере отырып, жеке көмекшінің қызметтерін көрсету тетігі өзгертілетін болады», – деді министр.

«Қазақпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз