Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда жұмыспен қамту шараларына 30 598 адам тартылды

Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамту басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Атырау облысында жыл басынан бері 38 рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Соның нәтижесінде 700-ден астам адам жұмыспен қамтылды.

Сонымен қатар, Атырауда жұмыспен қамту шараларына 30 598 адам тартылды. Облыстық Жұмыспен қамту басқармасының бөлім басшысы Гүлболат Аманғалиеваның айтуынша, жұмыспен қамту шаралары мемлекеттік бағдарламалар негізінде іске асады. Мәселен, жұмыспен қамтылғандардың 795-і жастар, олар жастар практикасы арқылы қабылданған. Ал оқуын аяқтаған 100 студент  «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасымен жұмысқа орналасып отыр. Сондай-ақ биылдан бастап іске асқан «Ұрпақтар келісім-шарты» және «Күміс жас» жобасы аясында 41 адам жұмыспен қамтылған.  

— Өткен жылмен қоса есептегенде осы уакытқа дейін 30 598 адам түрлі шаралармен қамтылып, уақытша және тұрақты жұмыс орындарына орналасты. Ал биыл жалпы жұмыспен қамту орталықтарына 28 мыңнан аса адам жұмыс мәселесі бойынша хабарласты. Қазір оның 40 пайызы жұмыспен қамтылып отыр. Оның ішінде 8 мыңнан аса адам тұрақты жұмысқа орналасты. Одан өзгелері түрлі бағдарламалар негізінде бірі уақытша, бірі әлеуметтік жұмыстармен қамтылды, — деді Г.Аманғалиева.

Оның айтуынша, бұдан бөлек 429 жұмыссыз әр түрлі мамандықтар бойынша оқуға жіберілген. Ал 855 адам «Skills» веб-жобасы арқылы онлайн оқыған. Сонымен қатар, «Бастау-бизнес» жобасымен 2346 адам кәсіпкерлік негізде білім алған.

фото: pixabay.com

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button