«СЫРА КОРОЛІ» КАМЕРАДА ҚАЛАЙ ТҰРЫП ЖАТЫР? (+ВИДЕО)

cb08390d61fd1326925aceffd00e0f92 Жаңалықтар

Atr.kz/7-наурыз. 2019 жыл. 21 жылға сотталған бұрынғы бизнесмен Тоқтар Төлешов жазасын Шымкенттегі түзету мекемесінде өтеп жатыр.

«Сыра королі» деген лақап атпен танылған  Тоқтар Төлешовке он адамдық камераның екі жарым шаршы метрі ғана бекітілген. Таңғы сағат 6:00-да оянып, түнгі 22:00-де ұйқыға жататын Төлешов қазір түрмедегі ауыр жұмысқа араласпайды, тазалықпен ғана айналысады екен.

https://www.youtube.com/watch?v=8vFdqKtP35I

Түрмеде есік-терезе немесе еден жуады, себебі аса қауіпті қылмыскер ретінде қатаң қадағалауға алынған. Десе де, түскі асты өзгелермен бір үстелде отырып, тамақтануға рұқсат беріліпті.


Тоқтар Төлешовке «мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болды» деген айып тағылған еді

Еске сала кетсек, 2016 жылы Тоқтар Төлешов соттың үкімімен 21 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын. Оған «мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болды» деген айып тағылған еді. Сондай-ақ, салықтан жалтарғаны, экономикалық қылмыстарға барғаны үшін айыпты деп танылды.

Сот үкіміне сәйкес, Тоқтар Төлешов мемлекетке 1,5 миллиард теңгеге жуық өтемақы төлеуге міндеттеліп, мал-мүлкі тәркіленіп, коммерциялық мекемелерде басшылық етуден шеттетілген еді.

Дереккөз: Sputnik

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз