Демеушілер Құрманғазы орталық «Темірәлі» мешітіне баспана тарту етті

IMG 2156 Жаңалықтар

Басыбайлы баспананың кілтін аталмыш ауданға сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан Мансұров жұма намазы кезінде жамағат алдында салтанатты жағдайда тапсырды.

IMG_2156

Айта кетерлігі, аталмыш үй «Темірәлі» мешітіне демеушілер тарапынан беріліп отыр. Енді, бұл үйді мешіт қызмет қылу үшін келген имамдардың қызметтік пәтері ретінде пайдаланатын болады. Төрт бөлмелі кең үйдің ауласында екі бірдей шағын үй де тұрғызылған.

«Жамағат алдында демеушілерге ризашылығын жеткізген Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров Алла разылығы үшін қамқорлық жасаған пенденің екі дүниеде де мол сауапқа кенелетіндігін атап өтті. Игі іске жергілікті жамағат та ризашылығын білдірді» делінген орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі таратқан ақпаратта.

dav

Құрманғазы ауданына жұмыс сапары аясында Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжі студенттерімен, жергілікті С. Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде ақсақалдармен, зиялы қауым өкілдерімен, Құрманғазы орталық «Темірәлі» мешітінде жергілікті жамағатпен кездесіп, мамандықтың қадірі, жаназа және жерлеу рәсімдері, мұсылман ынтымақтастығы тақырыптарында уағыз айтты.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз