c75bc9c0 c29a 42d1 bbdb 575941da6bf8

Сәуле Жанпейісованың шығармашылық кеші өтеді

Жаңалықтар Мәдениет

Атырауда 28 наурыз күні сағат 16.00 деҚұрманғазы атындағы мәдениет сарайында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты, әнші Сәуле Жанпейісованың «БҰЛБҰЛ ДӘУРЕН» атты ән кеші өтеді.

c75bc9c0-c29a-42d1-bbdb-575941da6bf8

Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Академиялық Дина Нұпейісова атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің ұйымдастыруымен өткізілетін шараға кіру тегін.

Ән кешіне Қазақстанның белгілі өнер шеберлері және әншінің шәкірттері қатысады.

Хорлан СМАДИЯР

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған