Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

2000-нан астам инфекциялық кереует ашылады: Атырауда «екінші толқынға» дайындық туралы айтылды

Коронавирус инфекциясының екінші толқыны орын алған жағдайда облыста 2080 инфекциялық кереуетке дейін ашу мүмкіндігі бар. Оның ішінде 120 реанимациялық кереует болады.

Сонымен бірге, Атырауда 200 орындық жұқпалы аурулар модульдік ауруханасының құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта аурухана тиісті медициналық  құрылғылармен жабдықталып жатыр.

«Облыста ПЦР-тестілеуді 3 мемлекеттік, 6 жекеменшік зертхана жүргізуде. Жалпы қуаттылығы тәулігіне 4 000 (6220) зерттеуді құрап отыр. Жалпы облыста індет басталғанан бері 320 419 ПЦР тест жүргізілді. Соңғы аптада ПЦР зерттеудің орташа тәуліктік көрсетікші   3152 зерттеуді құрап отыр.

img 20201029 wa0032
Фото — Расул Серіков

Салынып жатқан модульдік ауруханаға қуаттылығы 700 зерттеу болатын тағы бір ПЦР аппаратын қою жоспарлануда. Және Жылыой ауданында салынып жатқан инфекциялық модульдік аурухана жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Сонымен бірге, аймақтағы емдеу мекемелерінде қажетті дәрі-дәрмектердің үш айлық қоры жасақталды» деді atr.kz-ге берген сұхбатында Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев.

img 20201028 wa0055

Еске сала кетелік, облыстың медициналық ұйымдары халыққа көмек көрсету үшін 3 МРТ, 11 компьютерлік томография, 81 УЗИ, 256 ИВЛ және 27 рентген аппараттарымен, сондай-ақ 977 оттегі генераторлары мен 1341 пульсоксиметрмен қамтамасыз етілген.

Қазіргі таңда Атырауда коронавиурс инфекциясын жұқтырғандардың 98 пайызы жазылып шықты.

img 20201029 wa0037
Фото — Расул Серіков

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button