Енді Қазақстанда 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалар шоттан кез келген соманы шеше алмайды

2020102811071496372 2020102810455475663 2 Жаңалықтар

Atr.kz/29 қазан, 2020 жыл. Қазақстанда 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалар үшін шоттан шешіліп, қолға берілетін ақша көлеміне шектеу енгізіліп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді.

Бұл «банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, мемлекеттік кірістер органдарына белгіленген лимиттен асатын қолма-қол ақшаны беруден бас тартуға негізделген мәліметтерді ұсынатын екінші деңгейлі банктер мен ұйымдардың міндеттемесінде қарастырылған».

Осылайша, тәуекелдерді басқару жүйесін қолдануды ескере отырып, келесі шешімдердің бірі қабылданады:

– төмен тәуекел дәрежесі үшін – қолма-қол ақшаны беруден бас тартуға негіз болмаған кезде;
– жоғары тәуекел дәрежесі бойынша – қолма-қол ақшаны беруден бас тартуға негіз болатындығы туралы.

Екінші деңгейдегі банктермен жұмыс жасағанда салық төлеушілер бұл ақпаратты ескеруі керек, деп атап өтті Мемлекеттік кірістер департаментіндегілер.

Естеріңізге сала кетейік, бір ай ішінде кәсіпкерлік субъектілердің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу сомасына келесі шекті сомалар бойынша белгіленді:

– 20 миллион теңге – шағын кәсіпкерлікке;
– 120 млн – орта бизнес үшін;
– 150 миллион – ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін.

«Закон.кз»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз