«Қазақстан Республикасының Жалпыға ортақ пайдаланылатын Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 07 маусымдағы № 315 бұйрығы негізінде, 2023 жылғы 1 маусым мен 31 тамыз аралығында жалпы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін Атырау облысының пайдалануына бір оське жүктемесі 8 тоннадан асатын автокөлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.
Шектеулер келесі автокөлік құралдарына таратылмайды:
- Халықаралық келісімдерге сәйкес жүктерді және жолаушыларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын.
- ТЖ алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру.
- Зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету барысында.
- Тамақ өнімдерін тасымалдауды жүзеге асыратындар.
- Жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыратындар.
- Дәрі-дәрмектерді тасымалдауды жүзеге асыратындар.
- Қолданыстағы жабын бойынша жол-құрылыс жұмыстарымен айналысатындар.
- Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, сондай-ақ әскери тасымалдарды жүзеге асыратын.
«Қазақавтожол» ЖШС Атырау облыстық филиалы
«ҚазАвтоЖол» ҰК » АҚ Атырау облыстық филиалы
