
Атырау тұрғындары «Әр азаматқа – заңдық көмек!» акциясына қатысты
Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай, ҚР Әділет министрлігінің бастамасымен Атырау облыстық Нотариаттық палатасында «Әр азаматқа – заңдық көмек!» жалпыреспубликалық акциясы ұйымдастырылды,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Акцияға облыстық әділет департаментінің қызметкерлері, облыстық нотариаттық палатаның жекеше нотариустары, адвокаттар мен жеке сот орындаушылар қатысып, 35-ке жуық тұрғынға еңбек, несие, тұрғын үй, жер даулары және алимет өндіру мәселелері бойынша кеңес берді.
-Бүгінде бұл бастама Әділет департаменттерінің тұрақты түрде өткізіп келе жатқан игі дәстүріне айналды. Бір күндік акция аясында азаматтарды мазалап жүрген құқықтық сұрақтарына жауап беріп, тегін заң кеңесін ұсынамыз. Мұндай іс-шаралар алыс елді мекендерде де, ірі сауда орындарында да ұйымдастырылады. Негізгі мақсатымыз – әр азаматқа білікті заң көмегін көрсету, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң аясындағы өз құқықтарын қорғауға мүмкіндік беру,- деді облыстық Әділет департаменті басшысының м.а Гүланда Қыстаубаева.
Айта кетейік, дәл осы мақсатта 15 тамыз күні Атырау облыстық адвокаттар алқасында «Тегін заң көмегін көрсету бойынша ашық есік күні» акциясы өткізілмек.