Атырауда Ұлыбритания азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

ake men bala e1518092918290 Жаңалықтар

Atr.kz/6-наурыз, 2019 жыл. «Ұлыбритания азаматы Д. жұмыс күшін тарту рұқсаты негізінде және визамен Атырау қаласына «Tenaz Management» ЖШС-де еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген.

20180404091552

Алайда, тексеріс нәтижесінде азамат Д.-ның визада көрсетілген келу мақсатынан бөлек ҚР азаматы Ф.-мен бірлесіп, жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны, «Ganbey Atyrau» ЖШС-ін құрғаны анықталды»,- деп хабарлады Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметінен. Сот қаулысымен Ұлыбритания азаматы Д. кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 44 188 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз