rrprarparar

Тоңазытқыштың есігімен тұншықтырылған иттің қазіргі жағдайы қалай? (+ВИДЕО)

ATR.TV Жаңалықтар Құқық

Аtr.kz/3 маусым, 2020 жыл. Тоңазытқыштың есігімен тұншықтырылған итті қалай іздеп тапқанын және оның қазіргі жағдайы жөнінде атыраулық «Доброе сердце» қорының жануар қорғаушылары айтып берді.

Белгілі болғандай, ит үйіне жақын маңдағы өзен жағалауынан табылды. Оны бейнежазбаға түсірген адам көліктен шығып ит иесін итеріп жібергеннен кейін, жазықсыз жануар құтылып кеткен.

Итті енді екі сараптамаға жіберді: полиция бойынша және аталған топтың ветеринарына.

«Көз қарашықтарынан кешеуілдейтін реакция байқалады. Бұл қатты қысым мен тұншығу нәтижесінен, яғни, оттегі жетіспеушілігінен орын алып отыр. Оның қалай аман қалғанына өзіміз де түсінбей жатырмыз. Қазір ит өзін жақсы сезінеді. Өте қорқақ. Өйтпегенде ше? Ол зор есеңгіреуді (шок) бастан кешірді ғой. Соған қарамастан, адамдарға деген сенімін жоғалтпаған. Бұл еркек ит, өте әдемі және мейірімді жануар. Оны Лаки деп атаған (ағылшын тілінен «lucky» – бақытты – авт.)» дейді жануарлар дүниесін қорғаушылар.  

Бұдан бөлек, ит иесі Марғұлан Жұматаев иттің өз үйінде екенін айтып жұртты алдағысы келген. Бұған көз жеткізу үшін оның үйіне еріктілер жіберілді. Сөйтіп, бұл басқа, яғни, үнемі үй ауласында байлаулы тұрған қара тұмсықты ит болып шықты. Оның жарақат алғаны анықталмады.

Сонымен бірге, еріктілер жігіттің кешірім сұраған видеосына қатысты да пікір білдірді. Иттің агрессивтілігі жөнінде айтылған сөз – жалған. Олардың сөзінше, бейнежазбада ит ешқандай қарсылық көрсетпейді және қорғанбайды да.  

Жануарлар жанашырлары заңгер кеңесіне де жүгінген. Анықталғандай, қолданыстағы заңға сәйкес, жануарды азаптағаны үшін берілетін ең үлкен жаза – 30 тәулікке тұтқындау.  

«Қасақана жануарды өлтіргендер жеңіл жазамен сытылып кетеді! Бұл қалай болғаны? Ендігі жерде біздің қолымыздан келетін жалғыз мүмкінідк – жануарларды қорғау жөнінде жаңа заң қабылдау! Бұл біз күн сайын кезігетін мыңдаған мысалдың тек біреуі ғана. Ел бойынша жүйелі түрде жануарларды өлтіріп және азаптап жатады. Бәрі де жазасыздықтан орын алуда. Мұндай адамдармен бір қоғамда қалай өмір сүруге болады? Олар жаунарларды азаптап өлтірген соң, балалар мен басқа да қорғансыз жандарға залалын тигізуі мүмкін ғой» деп мәлімдеді зооқорғаушылар.

Олар Қазақстанда жануарларды қорғау жөнінде жаңа заң қабылдау туралы өтінішпен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа арызданатынын атап өтті.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

https://www.instagram.com/p/CA9rcJUJPGW/

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған