Бұрын – АВТОБУС, қазір ЖҮРГІЗУШІ жетіспейді
Соңғы кездері өңірімізде жолаушы тасымалы айтарлықтай жақсарды. Автопарктер заманауи үлгідегі жаңа
автобустармен толығып, барлық маршруттарда дерлік электронды билеттендіру жүйесі енгізілді. Жыл сайын тамыз айының алғашқы жексенбісі елімізде Көлік қызметкерлері күні ретінде атап өтіледі. Осыған орай,
«Атырау қаласының жолаушыларды тасымалдау Ассоциациясы» жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мақсот Сүйіновпен сұхбаттасқан едік.
– Мақсот Сайфоллаұлы,бүгінгі таңда Атырауда жолаушы тасымалымен айналысатын неше кәсіпорын бар, олардың иелігіндегі автобустардың саны қанша және қандай бағыттарда қатынайды?
– Қазіргі таңда қала бойынша жолаушы тасымалымен барлығы 7 кəсіпорын шұғылданады. Атап айтқанда, олар: «Ақжайық-Автопарк», «Атырау-Автопарк», «Алға – бус», «Авто-Мобиль М», «Айдын и КО» ЖШС-тері жəне
«Баймұханов» жеке кəсіпкерлігі.
Бұл мекемелер 30 маршрутта қатынайды, яғни осынша бағытта жүреді. Автопарктердегі автобустардың жалпы саны болса, оның 95% жаңа, 2018- 2019 жылдары сатып алынған көліктер. Барлық автобустарда электрондық жолақысын төлеу жүйесі, бейнебақылау, GPS қондырғылары орнатылған, қ о ғ а м д ы қ к ө л і к т е р д і ң
барлығы мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған пандустармен қамтылған. Облыс əкімдігінің қолдауымен, жолаушы тасымалдаушы кəсіпорындарға ай сайын субсидия төленіп отыр.
– Елді жайлаған пандемия жағдайында белең алған қиындықтардың автотранспортшыларды да
айналып өтпегені белгілі. Енді осы жағына нақтырақ тоқталсаңыз?
– Ш ы н ы м е н д е коронавирустық инфекция күшейіп, қауіпті індеттің өршуімен байланысты төтенше
жағдай жарияланып, карантиндік шектеу шаралары күшейтілген кезде жолаушы тасымалына тартылған кəсіпорындар да елеулі қиындықтарға тап болып, қаржылай шығынға батты. Көлік қызметін пайдаланатын жолаушылардың саны күрт кеміді, ашығын айтқанда 3 есеге дейін азайып кетті. Жанармайдың бағасы 15-20, жағармай мен қосалқы автобөлшектердің құны 30-дан 50 пайызға дейін көтерілді.
Оның үстіне, автобустардың жүру кесте сіне енгізілген ө з г е р і с т е р , а л д е м а л ы с күндері қоғамдық көліктердің қозғалысына рұқсат берілмеуі жағдайды мүлдем қиындатып жібергені рас. Бұл күнде біртіндеп кездескен қиындықтарды еңсеріп келеміз, жағдайымыз да түзеле бастады. Барлық автобустарға
күн сайын дезинфекция жасалады. Автобус жүргізушілері мен жолсеріктері карантин талаптарына сай бетперделерін киіп қызмет көрсетеді. Өкінішке қарай, жолаушылар тарапынан карантин талаптарына
бағынбайтындар да кездеседі.
– Қазіргі уақытта автотранспортшылардың қалыпты қызметіне қолбайлау болып, кедергі келтіріп отырған өзекті мәселелер төңірегінде не айтар едіңіз?
– Бұрынғы жылдардағыдай е м е с , б ү г і н г і ж ұ м ы с т ы ң е р е к ш е л і г і е с к е р і л і п , қызметкерлердің əлеуметтік тұрмыстық жағдайын жақсартуға, бірінші кезекте еңбекақысын көбейтуге көңіл бөлінуде.
Дəл қазіргі мезгілде автобус жүргізушілерінің алатын айлық жалақысы орта есеппен 220-240 мың теңгені құрайды. Алайда, соған қарамастан, күні бүгінге Атырауда қоғамдық көліктің тізгініне отыратын тəжірибелі
жүргізушілер тапшы. Соның салдарынан автобустардың саны көбейгенімен оны жүргізетін адамдардың жетіспеуінен олардың бəрі бірдей жолға шықпай отыр. Мəселен, қалада күн сайын 243 автобус жолаушы
тасымалымен айналысуы керек болса, одан нақты жүріп тұрғаны 210-ы ғана.
Осылайша, егер бұрын автобус жетпесе, бүгінде жүргізуші жетіспейді. Жанар-жағармай, қосалқы бөлшектердің бағасы да күн санап қымбаттауда.
Айтпақшы, кейінгі кездері автобустар аудандарғада қатынай бастады.
Дəулетқали АРУЕВ