Атырауда ауыл тұрғындарының 70 сиыры жоғалып кетті

korova s telenkom Жаңалықтар

Атырау облысында боранды күні ауыл тұрғындарының 70 сиыры жоғалған.

«Қазақпараттың» хабарлауынша, облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 23 ақпанда қатты боран салдарынан 70 сиыр жоғалып кеткен.

«Жылыой ауданындағы Майкөмген елді мекенінің тұрғындары жоғалған 70 сиырды өздері іздеген. Одан ешқандай нәтиже шықпаған соң сақшылардың көмегіне жүгінген. Жылыой ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Жайық Қойбасов жоғалған​ малдың 40-қа жуығын 12 күннен соң Майкөмген ауылынан 180 шақырым қашықтағы Маңғыстау облысы Қаракиіз тауының жиегінен тауып, иелеріне әкеліп тапсырды.

Ауа-райының қолайсыздығы салдарынан іздеу жұмыстары біршама қиындық туғызғанмен, полиция қызметкері жоғалған сиырларды іздеуде табандылық танытты. Алайда, әлі де табылмаған 30-ға жуық сиырды іздеу жалғастырылып жатыр» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Мүйізді ірі қарасы табылған тұрғындар полиция қызметкерлердің қиын да жауапты міндетін адал атқарып, көмек бергені үшін алғысын бейнежазба арқылы білдірді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз