Жарнама
Экономика

Атырауда «Еңбек» бағдарламасы арқылы кәсібін ашқандар көбейді

» Еңбек» бағдарламасымен Атырауда 27 546 адам қамтылды» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.​

2021 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы үш бағыт бойынша жүзеге асып, жұмысқа тартылғандар мен өз кәсібін бастағандар көбейді.​

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 1 486 адам қысқа мерзімді оқу-курсына жолданды. Оның ішінде 600-ден аса азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Ал, 80 адам мемлекеттік грантқа ие болып, өз кәсіптерін бастады. ​ Қысқа мерзімді оқу 35 мамандық бойынша 15 кәсіптік колледждер мен облыстағы оқу орындарында жүргізілді.

Бағдарламаның екінші бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздерін оқуға 1 128 адам жолдама алды. ​ Оқуды аяқтаған 938 адам өз бизнес жобаларын нәтижелі қорғады. Оның ішінен 270 адам мемлекеттік грант және 8 адам «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде несие алып, өз істерімен айналысуда және басқа қаржыландыру көздерінен 43 адам несие мен 101 адам грант алды. ​ Жаңа бизнес-идеяларын іске асыру үшін 531 адамға 200 АЕК мөлшерінде мемлекеттік гранттар берілді.

Мемлекеттік грант алушылардың ішінде 184-і жастар, 84-і көп балалы аналар, 9-ы әлеуметтік ​ жағдайы төмен, ​ 7-і көп балалы, аз қамтылған отбасы мүшелері, 22-сі жұмысқа қабілеті ​ бар адамдар, 225-і жұмыссыздар. ​

Бағдарламаның үшінші бағыты болып табылатын ​ ​ ​ «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша ​ 22 879 адам қамтылды. Нәтижесінде, оның 15 374-і тұрақты жұмысқа орналасып, 7 505 адам уақытша жұмыс орындарына тартылды.​

Аталған шаралардың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі бір қалыпта тұрақтап, 4,9 пайыз мөлшерінде сақталды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button