ЖҰМЫСЫМЫЗ ЫРҒАҒЫНАН ЖАҢЫЛМАЙДЫ

Елімізде жүргізіліп жатқан мемлекеттің жаңа экономикалық саясатқа көшуі, доллар бағамының өсуі, валюталық дәліздің алынып тасталынуы, сөйтіп, теңгенің еркін айналымға шығарылуы сияқты өзгерістерден қандай кәсіпорын, мекеме болмасын, қала берді қарапайым халық ешқандай зиян шекпеуі тиіс.

 

Мұны кейбір пысықайлардың жағдайды пайдаланып, бағаны өсіріп қалуды көздегендердің жеке мақсаттарына пайдаланып кетуіне мүмкіндік бермей, жолына тосқауыл қоюымыз керек. Ең бастысы, ұжымдағы жұмыс, қалыптасқан тыныс-тіршілік ырғағынан жаңылмауы, қызметкерлердің көңіл-күйі бұзылмауы шарт. Елбасы мен Үкіметтің  анықтап тұрып айтқаны да, біздің ұстанған бағытымыз да осы. «Идеал групп» компаниясы Атырау қаласындағы тұтынушылар ең көп келетін ірі сауда желілерінің бірінен саналады. Сөзіміздің айғағындай, бүгінгі таңда облыс орталығы мен аудандарында 26 супермаркет дүкендері халыққа қызмет көрсетеді. Мемлекет басшысы атап көрсеткеніндей, мұнда да бірінші кезекте тұтынылатын, жоғары сұраныстағы  азық-түлік тауарларының бағалары бұрынғысынша өзгеріссіз қалдырылды. Керісінше, бірқатарларының бәсі сәл арзандатылып, тұтынушылардың қажетін қалауынша сатып алуына қолайлы жағдай жасалды.

Нақтылай кетсем, қазіргі уақытта дүкендерімізде сатылатын тауарлардың 60 пайызы республикамызда дайындалған   өнімдерден құралады. Соның ішінде әлеуметтік маңызға ие тағамдық тауарлардың 33 атауы (түрі) бар. Сол себепті де, жұрттың аузында жүрген «бағалардың күрт көтерілетіндігі туралы» әңгіме қозғап, оған алаңдап, абыржудың еш қисыны жоқ. Оның үстіне, жергілікті атқарушы органдармен арада бекітіліп, ресімделген меморандумда да солай міндеттелгенін атап айтқым келеді.

Қайрат ҚАЙРОШЕВ,

«Идеал групп» сауда желілері компаниясының директоры.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз