Жарнама
Экономика

Өндірісті өркендету жұмысшы мәртебесін көтеруден басталады

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында елімізде білікті кадрлар тапшылығы өте өзекті мәселе екенін ашық айтылып, оны шешудің нақты жолдары ұсынылды. Бұл бастамалар біз сияқты жұмысшы мамандық иелері үшін үлкен қолдау деп білемін.

Қазіргі таңда елімізде мыңдаған жұмыс орны бос тұр. Мен өзім қызмет ететін кәсіпорында да дәл осы проблема бар: заманауи техника, жаңа жобалар жеткілікті, бірақ солармен жұмыс істей алатын жоғары білікті мамандар жетіспейді. Президент айтқандай, бұл бос орындарды көбіне шетелден келген адамдар толтырып жатыр. Ал өзіміздің жастар мамандығы бойынша жұмыс істемей, жеңіл әрі тез табыс әкелетін салаларға кетіп жатыр. Бұл – алаңдатарлық үрдіс.

Жолдауда Мемлекет басшысы сапасы жоғары адами ресурстар қажет екенін ерекше атап өтті. Бұл – экономикамыздың нақты салаларында жұмыс істейтін, кәсіби білім мен тәжірибесі бар азаматтарға деген сұраныстың артқанын көрсетеді. Сондықтан жұмысшы мамандықтарына деген қоғамдық құрметті күшейту өте маңызды. Ата-аналар, жастар бұл саланы тек амалсыз таңдайтын емес, саналы түрде ұмтылатын бағыт деп қабылдауы қажет. Бұл үшін мемлекет те, жұмыс берушілер де жағдай жасауға міндетті.

Президенттің шетелдегі білікті мамандарды елге қайтару, ұлтына қарамай мықты мамандарды тарту туралы бастамалары да дер кезінде көтеріліп отыр. Қазақстанды дамытуға үлес қосқысы келетін әрбір маманға ашық әрі қолайлы орта қалыптастыру – елдің ұзақ мерзімді стратегиялық мүддесі.

Қорыта айтқанда, Жолдауда көтерілген мәселелер – нақты өмірдегі шынайы қажеттіліктермен үндесіп жатыр. Бүгінгі күні бізге тек білімді ғана емес, кәсібіне адал, еңбекқор жұмысшы мамандар ауадай қажет. Сондықтан бұл бағыттағы мемлекеттік қолдауды біз толықтай қолдаймыз және Жолдауда айтылған міндеттерді іске асыруға әрбір азамат өз үлесін қосуы тиіс деп санаймын.

Әлібек НҰРӘЛИЕВ,

“Атырау жылу электр орталығы” ЖШС турбина цехының VII топтағы аға машинисі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button