Жарнама
ЖаңалықтарМәдениетҚоғам

Жоғары ұпай алғанымен финалға өтпеді (ФОТО)

Барша жастың сүйікті ойынына айналған жайдарман Қызылқоға ауданында да үлкен сұранысқа ие. Оған дәлел соңғы екі жылдан бері ауданда Қызылқоға жайдарман лигасы құрылып, тұрақты түрде ойындар өткізілуде. Көктемде 11 командамен басталған лиганың биылғы маусымының жартылай финалдық ойыны кеше «Арман» мәдениет үйінде өтті. Оған «Аманшин жастары», «Миялы-сити», мұқырлық «Позитив», тайсойғандық «Тайсойған құрамасы» және Қарабау ауылынан «ҚҚШ» командалары қатысты. Сайыс сәлемдесу, әуенді жамбыату, стенд сынды үш бөлімнен тұрды.

DSC_0027

Зал толы көрерменнің алдында сынға түскен 5 команда екі сағат бойы әдемі әзіл, қағытпа қалжыңнан тарту жасады. Алғашқы сәлемдесу бөлімінде «Аманшин жастары» құрамасының әзілдері мағыналы болғанымен әртістік қабілеті жетпей жатса, «Позитив» командасы өздерін ашып көрсете алмады. «Миялы-сити» ойыншылары алғашында жаңа оқу жылындағы жаңалықтарды әзілге қосып бастағанымен соңғы жағын түйіндеуі кемшін болды. Ал, көрерменнің көңілінен шыққандар «Тайсойған жастары» мен «ҚҚШ» командасы болды. Ойын барасында, былтыр чемпион атанған тайсойғандық жайдарманшылар өзекті мәселелерді әзілмен жеткізе отырып, «Рухани жаңғыруды» да тілге тиек еткен жалғыз команда. Өз ойыны мен жанкүйері қалыптасқан қарабаулық «ҚҚШ» құрамасы да көрермен мен қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаға ие болды. Сайыстың екінші бөлімінде «Миялы-сити» командасы үздік шықса, үшінші бөлімде тайсойғандықтар ауданда болып жатқан дала өртіндегі оқиғаларды астарлы әзілмен жеткізіп, тағы да дара шықты.

DSC_0030

Ойын соңында қазылар алқасының шешімімен жоғары ұпай алған «Тайсойған құрамасы», «ҚҚШ», «Позитив», «Миялы-сити» командалары финалдық ойындарға тікелей жолдама алса, төмен ұпай алған «Аманшин жастары» ойынды жартылай финалдан аяқтады. Алайда, облыстық лигада өнер көрсетіп жүрген тайсойғандық жігіттер финалдық жолдамасын «Аманшин жастарына» беріп, інілеріне сәттілік тіледі. Сөйтіп, финалдық ойынға өткен төрт команда келесі айда чемпиондыққа таласатын болады.

DSC_0019

DSC_0012

Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button