«Көңіл көңілден су ішкен» күн

img 20200730 wa0045 Жаңалықтар

Atr.kz/3 тамыз, 2020 жыл. Ұлтымыздың ұлық мерекесі – Құрбан айт адамзат баласының бір-біріне рақымшылық жасайтын, небір қайырымдылық істерін жүзеге асыратын, сонымен бірге, бірлігімізді бекемдейтін мереке.

      Осынау қасиетті мерекеде Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының этнос өкілдері, республикалық «Мың алғыс» акциясы аясында, Атырау қалалық перзентханасының дәрігерлері мен медицина қызметкерлеріне арнап қайырымдылық шарасын өткізді.

      Рас, қазіргі күнде халқымызға, оларды осынау кеселден емдеп жатқан ақжелеңділерге оңай соғып жатқан жоқ. Құрбат айт мерекесіне орай өздеріне ұлттық тағамдарын тарту еткен «Былина», «Иверия», «Тхоньиль», «Светоч», «Татулық», «Довира» этномәдени бірлестіктері ұжымына медицина өкілдері дән риза болып, өздерінің жүрекжарды алғыстарын жеткізді.

Лиза СЕЙТІМОВА

img 20200730 wa0047
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз