«Киесі ұрады деп қорыққан»: атыраулық журналист Асанәлі Әшімовтің басынан өткен хикая туралы жазды

1 16 Жаңалықтар

Күнделікті өмірде таңғажайып құбылыс, адам сенбес оқиғалар болып жатады. Оны көбінде кездейсоқ жағдай
деп қабылдайтынымыз бар.

Дегенмен ғылымның өзі адамзатты толық зерттеп бітпегенін ескерсек, дүниеде түсінуге сана, айтуға тіл жетпейтін жайлардың орын алуы ықтимал.

Ал, жаңа айдарды «Кие» деп атауымыз бекер емес. Өйткені аталарымыз әуелден киеге үлкен мән берген. Қоршаған ортасын, жануары мен құсын, тіпті жердегі жорғалаған құртқұмырсқасын киелі деп санаған. Оларға орынсыз тиіспеген.


Киесі ұрады деп қорыққан. Қасиет қонған адамдарды, олардың зираттарын да солай құрметтеген.
Ендеше, жаңа айдар ерекше адамдардың басынан өткен таңғажайып оқиғалар туралы жазылған мақалаларды
топтастырады. Алғашқы туынды халқының сүйікті ұлы, дарынды актер Асанәлі Әшімовтің басынан өткен хикая хақында.

…Бұдан біраз бұрын Доссор ауылының маңында «Тұзды көл жағасындағы үй» атты көркем фильм түсірілді. Соның шаруасымен режиссер Асанəлі Əшімов ағамыз бір топ адаммен Атыраудан Доссор, Мақат бағытында келе жатады.

Ал, жолда Байбақты атаның бейіті бар еді. Оған əрлі-берлі жүрген адамдар тоқтап, құран бағыштап, дұға
ететін. Дегенмен, көлікте отырған киношылар бұл жолы аялдамайды. Асекең «уақыт жоқ, алға тарта бер!» дейді жүргізушіге.


Айтқандайын, шағын автобус зираттың тұсынан аса береді. Кенет, не болғаны белгісіз, техника аяқ астынан бұзылады. Сол сəтте салоннан будақтап түтін де шығады. Ал, халық жеделдетіп сыртқа шығайын
десе, есік жабық тұр.

Жүргізушісі болса сол бойда қашып кеткен. Жаны қиналған жолаушылар автобус терезесін іштен сабалап, зорға
дегенде əйнегін сындырып, бірін бірі сүйрелеп шығарады. Осылайша, қас пен көздің арасында жолаушылар ажалдың аузында кете жаздайды. Ал, «Хюндай» аз аралықтан соң түгел жанып кеткен.


Бұл сəйкестік пе, əлде тылсым күштің əсері ме, ол жағын ешкім білмейді. Бірақ, осы оқиғадан кейін Асанəлі Əшімов ағамыз аталардың басына барып дұға етіп, құрбандыққа мал шалып, тəубесіне келіпті.


Азамат БАЗАРБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз