Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарСарапTimeҚоғам

Жерлеу рәсімінің ЖОРАЛҒЫСЫ

Atr.kz/20 қазан, 2020 жыл. Қатерлі індет қарқын алған алғашқы кезеңде қайтыс болғандардың есебінен пайда тапқан арсыздар да кездесті. Олар біреудің қайғысын өздерінің табыс көзіне айналдырып алған көрінеді. Президент осы жағдайды қатты сынап, оның алдын алуды, жерлеу қызметінің бағасын негізсіз өсіруге жол бермеуді қатаң тапсырған бола-тын. Облыстық дін істері басқармасы жерлеу рәсімдерімен ай-налысатын ұйымдардың қызметіне мониторинг жүргізді. Қызмет көрсету бағалары бақылауда болды. Осы саланың бүгінгі ахуалы қандай? Белгіленген тарифтердің бірқалыптылығы сақталған ба?

 Электрондық тізімге алынады

Атырау қаласындағы «Құлшиев» жеке кәсіпкерлігі жерлеу рәсімдерімен көптен бері айналысады. Құрманғазы көшесінің бойындағы мекемесінің қоршауына жерлеу рәсімдеріне қатысты қызметтерін, жарнамаларын жазып қойыпты. Ғимараттың кіреберісіне мәрмәр және гранит тастан жасалған түрлі пішіндегі белгілер де бар. Әрқайсысына көлемі және бағасы көрсетілген қағаз жапсырылыпты. Ал, негізгі бөлмеде бейітке қондырылатын айшықтар, құлпытастардың түрлері орналастырылған. Тасқа жазылатын сөз мәтінінің үлгілері де көрсетулі.

– Біздің мекеме сенімгерлік басқару негізінде 2015 жылдан бері қаладағы «Ноғай» бейіті мен христи-андар зиратында қызмет көрсетеді. Мұндағы қабірлер секторларға бөлініп, кітапшаға жазылған. Алдағы уақытта бұл тізімнің электронды нұсқасын жасақтап, әлеуметтік желіде өзіміздің парақшамызды ашпақ ойымыз бар. Бұл осы бейіттерде жатқан туыстарын іздегендерге парақшадағы тізім арқылы анықтауына мүмкіндік береді, — деді кәсіпкер Сырым Құлшиев. Бүгінде «Ноғай» бейітінде 14 сектор бар.

Жеке құрылым дүниеден өткен адамның қабірін қазу, жерлеу, зираттың іргетасын құю, бейітін тұрғызу, әктеу-сырлау, құлпытасын жазу секілді мұсылманша жерлеуге қатысты барлық қызметті көрсетеді. Христиандар зиратының қасында да рәсімдік қызмет көрсету нүктесі бар. Онда да өзіндік баға көрсеткіштері жазылған.

«Біздегі қызмет көрсету бағаларының тарифі тұрақты. Ол пандемия басталмастан бұрын белгіленген. Індет өршіп, адамдардың дүниеден өтуі ең көп тіркелген шілде-тамыз айларында да қызмет бағасын көтерген жоқпыз» деді осы тұста кәсіпкер.

Бұл мекемеде қабір қазудың құны – 30 мың теңге. Оған құрылыс материалдарының шығыны да кіреді. Зираттың іргетасын құю қалыбын бір тәулікке жалдау – 5 мың теңге. Пәктеу құралдарын осы жерден жинақтап алуға, 12 бөліктен тұратын қажеттілікке 45 мың теңге кетеді. Құлпытасқа тапсы-рыс беріп, 30х40 көлемдегі гранитке марқұмның бейнесі салынбаған мәтін бедерлетсе, 12 мың теңге шығындайды. «Бұл – ең төменгі көрсеткіш» дейді мұндағылар. Әрине, тастың түрі мен көлеміне байланысты бағаның төлемі де өзгереді.

Зират құны –750 мың теңге

Жерлеу орталығы марқұмның бейітін тұрғызуға да тапсырыс қабылдайды. Сырым Құлшиевтің айтуынша, зират көтеруге машықтанған жігіттер төрт құлақты құрылысты бір күнде бітіреді. Бұрындары орталықта осындай екі-үш қызмет тобы болған. Карантиндік шараларға байланысты қарақалпақ жұмысшыларының келе алмауына байланысты бұл жұмысты қазір жергілікті жігіттерден құралған жұмыс тобы атқарады. Осы себепті қызметтің құны 50-60 мың теңгеге өскен. Салынатын құрылыстың бағасы таңдалған тастың түріне, құрылыстың күрделілігіне де байланысты. Мәселен ең қарапайым ұлутастан (ракуш) салынған бейіт 250-300 мың теңгеге тұрғызылса, магма силикатынан көтерілген мазар 730 мың теңгеге баланады.

– Қазір Атырау қаласына қарасты аймақта өмірден өткен адамдар жерленетін 17 зират бар. Біз қызмет көрсетіп жүрген екі зираттан басқалары еш қараусыз күйде. Яғни, олар ешкімнің иелігінде емес. Осы себепті, олардағы жер белгілеу, қабірлердің реттілігі қалай сақталып жатқанын білмейміз. Ал, өзімізге тиесілі зираттардағы әрбір жерлеу рәсімі қатаң бақылаумен жүргізіледі. Мәйіттің туысқандары кел-генде біз алдымен оларды кітапшаға тіркеп, содан соң қабір қазылатын орынды белгілеп береміз. Құбыланың бағытын сілтейміз. Сұраныс түссе жерлеу рәсіміне қатысты қызметімізді көрсетеміз.

Өкінішке қарай, кей кезде жол мәселесіне қатысты қиындықтар туындайды. Жауын-шашынды кездер-де жер қойнына берілетін адамды тие-ген көліктер балшыққа батып, діттеген жеріне жете алмай жатады. Сондай-ақ, зират аумағында жерлеуге арналған орындар азаюда. Осы себепті, әкімшілік бізге тиесілі жердегі тереңдігі 5-6 метр болатын бұрынғы карьер орындарын топырақпен толтыруға жәрдем берсе, — деді Сырым Құлшиев.

Христиан бағытындағы рәсімдік қызмет көрсету орны түрлі қаралы гүлдестелер мен табыттарға толы екен. Орыс ұлтының әйелі менің келісіме таңырқап қалды. Жұмыс бабымен жүргенімді білген соң, өздерінің жер-леуге қатысты көрсететін қызметтерін баяндады. Мұндағы көрсетілетін қызмет түрі 25-80 мың теңгенің шамасында болып шықты. Оның ішінде, табыттың бағасы – 18-60 мың теңге аралығында, қаралы гүлдестесі – 2 500 теңге және одан жоғары. Қалғаны, қажетті ұсақ-түйек заттар мен мүрдені тасымалдау қызметіне төленеді екен. Мақаланы дайындауда соңғы алты айда жерлеуге қатысты қолданыстағы тарифтердің өзгермегендігіне, рәсім қызметтерінің қымбаттамағанына көз жеткіздік.

Осы орайда даныш-пан Абайдың «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» дегені еске түседі. Қайғы жамылған отбасына түсіністікпен қарау, қолымыздан келгенше көмек көрсету мұсылмандық парызымыз емес пе? Ендеше, осы адамгершілік ауқымынан шықпағанымыз жөн болар еді.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button