АТЫРАУЛЫҚ МАМАНДАР КАСПИЙДІ ТІКҰШАҚПЕН БАРЛАДЫ

220319131810795e 1 Жаңалықтар

Атырау облысында төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен экологтар Каспий теңізіне әуеден барлау жүргізді, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

  • – «ҚазАвиаҚұтқару» АҚ-ның «МИ-8» тікұшағымен теңізге әуеден барлау жүргізуге су бетінде мұнайға ұқсас дақтың көрінгені туралы ақпарат себеп болды. 13 наурызда «Теңізшевройл» ЖШС мен «Гидробиология және экология» институтының мамандары Каспий теңізінің қазақстандық секторында және жағалаудағы Прорва айлағы орналасқан аумаққа әуеден барлау жүргізіп, 18 және 19-нүктеде су бетінде мұнай өнімдеріне ұқсас дақтарды көрген. Осыған байланысты 18 наурызда облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығы Сәбит Битаев Сәбит Кенжеханұлының төрағалығымен экология департаментінің басшылығымен бірге, «ҚазАвиаҚұтқару» АҚ-ның «МИ-8» тікұшағымен Каспий теңізіне әуеден барлау жұмыстарын жүргізді. Облыстық экология департаментінің қызметкерлері зертханалық зерттеулер үшін теңіз суының сынамаларын алды. Жүргізілген барлау жұмыстары кезінде су бетінде мұнай өнімдеріне ұқсас дақтар жоқ екені анықталды, – делінген хабарламада.
2203191317339571g
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз