ЖОЛ ЖӨНДЕЛІП, ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ КЕШЕНІ САЛЫНЫП ЖАТЫР

whatsapp image 2020 12 09 at 16.40.12 Жаңалықтар

«Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев айтты», – деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

–    Биыл Исатай ауданы бойынша «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен 3 жоба жүзеге асырылуда. Соның негізінде Жанбай ауылында ауылішілік автомобиль жолдарын жөндеу, денешынықтыру – сауықтыру кешені, газ желісі құрылысының жұмыстары  жүргізілуде, – деді аудан әкімі.

Аталған бағдарлама аясында атқарылып жатқан жобалардың бірі –   Жанбай ауылында автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары.

Бүгінде жөндеу жұмыстары басталып кеткен. Нысанның аяқталу мерзімі –  2021 жыл. Екінші жоба – Жанбай ауылындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы. Құрылыс  жұмыстары 2020 жылдың қазан айында басталды, аяқталуы 2021 жылдың наурыз айы.

 «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы негізінде жүзеге асырылған Жанбай ауылындағы газ желісі құрылысы  бүгінде аяқталған. Жүргізілген газ желісі құрылысының ұзындығы- 8,6 км,  газ желісімен қамтылатын үйлер саны – 205.

Бұдан бөлек, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында үш қабатты 60 пәтерлі үш тұрғын үй салынып жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз