Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Жазатайым оқиғаның құрбаны материалдық көмек алады

Екі бірдей қызметкері кәріз жүйесін жөндеу кезінде тұншығып қалған «Атырау су арнасы» РМК мерт болған қызметкердің отбасына материалдық көмек көрсетеді. Ауруханаға жатқызылған қызметкердің де ем-домын төлейді.

fb96549631c8_4

«Біздің компаниямыз демалыс күндері жеке тапсырыс бойынша жұмыс істеу кезінде тұншығып қалған қызметкерлердің отбасыларына көмектесетін болды. Қаза тапқан адамды соңғы сапарға шығарып салу рәсіміне байланысты жұмсалатын шығындардың барлығын компания мойнына алады. Ауруханада жатқан қызметкердің ем-домының барлығын төлейміз» деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қайғылы жағдай Атырауда жуырда орын алған еді. Жеке тапсырыс бойынша демалыс күні жұмысқа шыққан кәріз жүйесін жөндеуші екі жұмысшы құдықтың ішінде тұншығып қалған. Олар облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілгенімен, жұмысшылардың бірі мерт болды. Екіншісі жалпы бөлімге ауыстырылды. Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Азамат Базарбаев

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button