Этно-қолөнершінің шеберлік сағатына қатысуға жарты мыңдай өтініш түсті

e2c696aa 8ea7 495c 842f 834ed6a0f543 Жаңалықтар
Танымал қазақстандық қолөнер шебері Ырза Тұрсынзаданың шеберлік сағатына алғашқы күні 200-дей атыраулық шебер қатысты, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
e2c696aa-8ea7-495c-842f-834ed6a0f543

Ұлттық стильде құрақ тігуден тегін шеберлік сағаттарының циклы «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» алғашқы Халықаралық форумының аясында өтуде. Дизайнер Ырза Тұрсынзаданың айтуынша тегін шеберлік сағаттарының мақсаты – тігу технологиясын үйрету және ежелгі ұлттық қолөнерді жандандыру.

Атырау облысында семинарлар екінші рет өтуде, алғаш рет біз өткен жылы ұйымдастырғанбыз, бүгінгі күнмен салыстыра отырып, мені шеберлік сағаттарынан алғаш өткен қыз-келіншектердің көне қолөнерімізді өркендетіп, өз ісін ашқаны қуантады. Біз ұлы ақындарды, ұлт батырларын тәрбиелеп, қоғамның дамуына ықпал еткен қазақ әйелдеріне тән қасиеттерді дамыту мақсатында бірлесе жұмыс жасаймыз, – деді Ырза Тұрсынзада.

a45f01e9-7379-49d7-b575-9b9cc3a7bc58

Шеберлік сағаттарына қатысушылар тұрмыстық заттар мен киімдерді қалпына келтіруге үйренді. Шеберлік сағаттары барысында бірегей тігу техникасы көрсетілді.

Маған қатты ұнады, енді мен үйде отырып ұлттық тұрмыстық заттарды өз қолыммен жасай аламын. Алған тәжірибем маған алға қарай да пайдаға асады, бұған өзімнің барлық бос уақытымды арнағым келеді, – деді үй шаруасындағы Гүлдана Дәулетбаева.

246f0411-8838-452b-ac8c-76a810c3e16a
Этноқолөнерден шеберлік сағаттары Атырау облыстық Тарихи өлкетану мұражайында 15 және 16 наурызда сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жалғасатынын айта кетейік.
Еңлік Сұлтан
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз