«Атырау барыстары» – Қазақстан чемпионы!

 

Мамырдың үшінші жұлдызында Астанадағы республикалық «Сарыарқа» велотрегінде Ұлттық лигадағы «Астана» мен «Атырау барыстары» ерлер командалары арасында баскетболдан Қазақстан чемпионатының финалдық плей-офф сериясының үшінші ойыны өтті.

Алма-кезек ұйымдастырылған шабуылдар екі команда ойыншыларын да, залға жиналған көрермендерді де жеңіске жігерлендіріп отырды.

Атырауда өткен алғашқы екі қызықты кездесуде атыраулықтардың мерейі үстем болған еді.  «Атырау барыстарына» 87:67, 90:88 есебімен есе жіберген астаналықтар өз алаңында жеңілмеудің қамын ойлаған-ды. Бірақ, атыраулықтар ақтық бәсекені өте жинақы өткізіп, кездесу тағдырын өз пайдаларына шешті. Есеп – 82:73. 

Сөйтіп, бұған дейін 2011 жылғы Ұлттық лига ойындарында бір рет чемпиондық атаққа қол жеткізген  «Атырау барыстары» ел чемпионы атағын жеңіп алды. «Барыстар» құрамында асқан шеберліктерін танытқан қорғаушы Райан Кук  пен ортадағы ойыншы Михаил Евстигнеев чемионаттың үздіктер сапынан орын алды. Күміс медальға «Астана» баскетболшылары ие болса, біріншіліктің қола жүлдесі Алматы облысының «Қапшағай» командасына бұйырды.

 

Бақытжан ХАМИТҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз