Жаңа кодекс: ТИІМДІЛІГІ НЕДЕ?
Ел экономикасының негізгі саласы – мұнай-газ өнеркəсібі дамыған сайын оның қоршаған ортаға салмағы да арта түседі, деп хабарлайды Atr.kz тілшісі.
Ал, жаңа кодекстегі «Ластаушы қалпына келтіреді» деген ұстаным – өндірісті өңір үшін басты қағида. Бұл туралы облыс əкімі Махамбет Досмұхамбетов атап көрсетті.
– Кодексте көзделген осы ұстаным кəсіпорындарды қоршаған ортаға келтірген зияны үшін айыппұл төлеп құтыла салмай, оны қалпына келтіруге міндеттейді. Бұл, сөз жоқ, олардың қоршаған ортаны ластау мəселесіне жауапкершілігін арттырады. Ал, өндіріске қолжетімді үздік технологияларды енгізу, оған байланысты экономикалық ынталандыру тетіктері кəсіпорындардың жұмысына жаңа серпін береді, лас шығарындыларды азайтуға септігін тигізеді. Атыраудағы негізгі өзекті мəселе – атмосфералық ауа сапасы. Бірінші санаттағы кəсіпорындар тарапынан былтыр ауаға шығарған ластаушы заттар көлемі – 150 мың тонна. Оның 87%-ын «Теңізшевройл, «NCOC», «Атырау мұнай өңдеу зауыты» секілді ірі кəсіпорындар құрайды. Ауада көбінесе тарайтын күкірт иісі жергілікті тұрғындардың заңды ренішін туғызады,- деді Махамбет Жолдасқалиұлы.
Сондай-ақ, Атырауда экологияны жақсарту мақсатында жергілікті атқарушы орган атқарған бірқатар жұмыс баяндалды. Атап айтқанда, қаланың сол жақ бөлігінде салынған ж а ң а к ə р і зд і к — т а з а рту и ма р ат ы биыл І жартыжылдықта пайдалануға берілмек. Қала əкімдігі мен Атырау мұнай өңдеу зауыты биыл «Тухлая балка» кəріздік сулардың булану алаңының өздеріне қарасты бөліктерін қалпына келтіру жұмыстарына кіріседі.
– Зауыт басшылығы «Tazalyq» жобасын іске асыруда механикалық қондырғыларын жаңғыртуды тездету қажет. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде кең ауқымда ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасына орай, алдағы 5 жылда облыста 7 миллион тал отырғызылады. Ауа сапасының нашарлауына залалын тигізіп отырған ірі кəсіпорындар көгалдандыру жұмыстарына тартылады. Кəсіпорын басшылары табиғатты қорғауда өз жауапкершілігін толық сезінеді деп сенемін, — деді облыс əкімі.
Төлесең, ластай бермейсің
Соңғы 2 жылда жаңа кодекстің редакциясын дайындау бағытында қызу жұмыс жүрді. Бұл құжат халықаралық тəжірибе негізінде əзірленді. Қаңтарда қол қойылған кодекстің қоршаған ортаны қорғаудағы мəні жоғары.
– Біздің міндетіміз – халықты осы нормалардың қалай іске асырылатыны жəне өңірдің экологиялық жағдайын қалай жақсартатыны туралы хабардар ету. Экокодекстің маңызы – адам өмірі мен саулығы, қолайлы өмір сүру ортасын қамтамасыз ету, ірі жəне шағын бизнестің қызметін қамту секілді бүкіл қоғамның мүдделерін қозғауында. Негізгі бағыты – экологияны жақсартуда ірі кəсіпорындарда ең мықты технологияларды енгізу, қоршаған ортаға келтірген зияны үшін жауапкершілікті қатаңдату. Егер бұрынғы кодекс «төле де, ластай бер» деген қағидаға сүйенсе, жаңа заң қоршаған ортаға теріс салдарды болдырмауға бағытталған. Енді ластаушылар үшін айыппұл төлеу тым қымбатқа түседі. Олар өндіріске тың технологияларды енгізуге мəжбүр. Экологиялық шешімдер қабылдауда қоғамның ролі де күшейтілді. Бұл құжат Қазақстандағы, соның ішінде Атыраудағы экологиялық жағдайды едəуір жақсартады, — деп атап өтті министр.
Қалдық та қайта өңделеді
2022 жылдан бастап, жергілікті атқарушы органдар табиғатты қорғау шараларынан түсетін төлемдерді толығымен қоршаған ортаны қорғауға жұмсайды.
– Бұрынғы кодексте табиғатты қорғау іс-шараларына эмиссия үшін түскен төлемдерді мақсатты жұмсау міндеттілігі болған жоқ. Соның салдарынан жергілікті атқарушы органдар бұл төлемдердің 45%-ын ғана табиғатты қорғауға бөлді. Кейбір өңірлерде бұл көрсеткіш тіпті 10 пайыздан аспайды. Ал, жаңа кодекске сəйкес, 2022 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдар табиғатты қорғау шараларынан түскен экологиялық төлемдерді түгелдей өз мақсатына жұмсайды. Атырау – атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғары 10 қаланың қатарында. Бұл жағдайды шешу үшін Экокодекс шеңберінде «ластаушы төлейді жəне түзетеді» қағидатын енгізу, ең озық қолжетімді технологияларға көшу, қоршаған ортаға əсерді бағалаудың жаңа тəсілдерін қолдану, экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату, шығарындылар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін енгізу, өндіріс жəне тұтыну қалдықтарын басқаруды жетілдіру сияқты бағыттар іске асырылады, — деп атап көрсетті республика экология, геология жəне табиғи ресурстар министрінің орынбасары Ахметжан Пірімқұлов.
Вице-министрдің айтуынша, былтыр облыста қоршаған ортаға эмиссия үшін бюджетке түсетін түсімдер шамамен 9 миллиард теңге болған. Енді келесі жылдан бастап, сол қаржы толығымен өңірдің табиғат қорғау шараларына жұмсалады. Сондай-ақ, ірі кəсіпорындар 10 жыл ішінде экологиялық тиімділік бағдарламасына сəйкес, ең озық қолжетімді технологияларды енгізуі шарт. Осы кезеңде олар эмиссия үшін төлемнен босатылады. Егер кəсіпорындар озық технологияны қаламас а, эмиссиялық төлемдер көлемі 2025 жылдан бастап екі есе, 2028 жылдан бастап төрт есе, 2031 жылдан бастап сегіз есе өседі. Бастапқыда ластанудың 80 пайызы тиесілі мұнай-газ, тау-кен металлургиясы, химия жəне электр энергетикасы салаларының 50 ірі кəсіпорны озық қолжетімді технологияларға көшірілмек.
Ал, кешенді экологиялық рұқсатпен жаңадан іске қосылатын кəсіпорындар үшін бұл талаптар бірден жүзеге асады. Мұндай технологияны енгізуде біз Батыс елдеріндегі тəжірибеге сүйенеміз екен. Осы əдісті қолданған елдерде ластаушы заттар шығарындыларының көлемі едəуір азайған. Атап айтқанда, азот оксиді – 69, күкірт оксиді – 94, қатты бөлшектер 94%-ға бұрынғыдан кем. Жаңа құжатта қалдықты қайта өңдеуге де басымдық берілген. Мұнымен шұғылданушылар лицензияланады. Полигонға қоқыс шығаратын техникаларға GPS орнатылады.
Қоғам үніне құлақ асқан жөн
Егер жаңадан өндіріс ошағын салу қажет болса, əуелі қоғамдық тыңдау өткізіледі. Сосын ғана жер телімі бөлініп, қызмет нақты жоспарлана бастайды. Бұл тəуекелшіл кəсіпкерлердің тəсін де қайтармайды, бұқараның пікірін жүре тыңдамауға да сеп болмақ. Кодекстің осы жəне өзге де тетіктері сараланған жиында қоғамдық ұйымдардың өкілдері жаңа құжаттың нормаларына қолдау білдірді. «Атамекен-Эко» қоғамдық қорының басшысы Арман Хайруллин кодекстің 175-бабына тоқталды.
– Бұл бапқа сəйкес кəсіпорындар анықталған кемшіліктерді жою туралы экология департаментінің ескертпелерін қатаң орындауға тиіс. Олай болмаса, мерзім аяқталған сəттен бастап өсімпұл есептеледі. Бұл – аса қажетті əдіс. Сондайақ, бұрын Кəсіпкерлік кодекс қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті органдардың ластану дəйектеріне жедел əрекет етуіне мүмкіндік берген жоқ. Енді ластаушы заттар шығарындыларының нормативтерінен едəуір асып кетуі туралы БАҚ-тағы жарияланымдарды талдау нəтижелері жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіз бола алуы мүмкін. Экология мəселелерінде бюрократия болмауы тиіс, — деді А.Хайруллин.
А л , Ж а й ы қ — К а с п и й О р х у с орт а лығының басшысы Шынар Ізтілеуова қоршаған ортаға əсерді бағалау үдерісінде қоғамның ролін күшейтуді қолдады. – Жаңа Экокодексте көңіл қуантатын көп нəрсе бар. Мысалы, стратегиялық экологиялық бағалау ұғымы, əсер ету скринингі жəне басқалар. Алдағы уақытта да экологияға қатысты құжаттар əзірлеу кезінде қоғам өкілдерін белсенді түрде тарту қажет, — деді ол.
Міндетсумен мәселе шешілмейді
Алқа лы жиында көмірсутегі ш и к і з а т ы н ө н д і р у ш і і р і компаниялардың басшылары өз тар а п т а р ы н а н т а б и ғ ат т ы қ о р ғ ау бағытында атқарған жұмыстарын кезекпен баяндады. Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Шухрат Данбайдың сөзіне қарағанда, кəсіпорын ұжымы былтыр 1 гектардан астам аумаққа тал-терек егіпті. Жастар көшесіндегі бұл көшеттерді күтіп-баптауға да атсалысқан. Бұрын көгалдандырылған 224 га телім де зауыттың жауапкершілігінде екен. Биыл мұнай өңдеу зауыты «Сасықсай» мен зауыттың буландырғыш тоғанының 860 га аумағын қоса алғанда, шамамен 1421 га жерді көгалдандыруды міндетіне алыпты. Ш а р ш ы т о п т ы ң а л д ы н а шыққан «Теңізшевройл», «NCOC» компаниялары өкілдерінің сөзін бөлген министр М.Мырзағалиев өңірді көгалдандырудағы компаниялар жұмыстарының жеткіліксіздігін беттеріне басты.
– Мемлекет басшысы 5 жылда 2 миллиард ағаш отырғызуды тапсырды. Ал, сіздер «өткен жылы 1 гектар жерге жасыл желек отырғыздық» деп, мұны ауқымды жұмыс санайсыздар. Бірақ, бұл өте мардымсыз іс қой. Жері көгалдандыруға өте қолайсыз Маңғыстау облысында ірі кəсіпорындардың бірі былтыр 274 гектар аумаққа ағаш отырғызды. Бұл – бір ғана мысал. Сондықтан, көгалдандыруға бейжай қарауға болмайды, — деді Мағзұм Маратұлы.
А т ы р а у д а а у а ғ а з и я н д ы шығарындылардың көздерін анықтау – үнемі дау туғызып келе жатқан мəселе. Бұған баса назар аударған министр жуырда нақты кінəлілердің анықталатынын айтты.
– Бүгінге дейін нақты ластану көздері анықталмады. Біреу «АМӨЗ»-ді кінəласа, екіншісі «Болашақ» зауытының кесірі» дейді. Енді бірі барлық проблемаға «Сасықсайды» айыптайды. Біз жуырда облыс басшылығымен атмосфералық ауаны ластаушы көздердің тиісті тізімдемесін жасау туралы келістік. Бұл – бір. Ал, екіншісі – Экология кодексіне автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізу туралы норма енгізілді. Бұл осындай даулы мəселелерді шешуге арналған. Яғни, 500 тоннадан астам шығарынды шығаратын əрбір ластаушы кəсіпорын онлайн режимінде ақпарат беретін тиісті құрылғымен жабдықталуы керек. Бұл режим шығарынды көздеріне қатысты кезкелген дауларды жояды, — деді министр.
Жайықтың жайы не болмақ?
Атыраудағы тағы бір проблема – Жайық өзеніндегі су деңгейінің шектен тыс төмендеуі. Облыс əкімі Махамбет До смұхамбетов бұл проблемаға мемлекетік деңгейде айрықша назар аударылу қажеттігін министрдің қаперіне берді.
– Өзеннің арнасы суалып, тартылып қалудың аз-ақ алдында тұр. Сондықтан, Жайықтың жоғары жағындағы су қоймаларынан төмен қарай суды босату, ағысын үйлестіру мəселелеріне айрықша назар аудару қажет. Жайық, Қиғаш өзендері немесе «АстраханМаңғыстау» құбырынан су алып отырған ірі кəсіпорындар өз өндірісіне суды қайта тазартып не болмаса теңіз суын тұшытып пайдалану технологияларын неғұрлым жылдам енгізу үшін нақты шаралар қабылдау қажет, — деді Махамбет Жолдасқалиұлы.
Шынында да, бұл көпшілікті алаңдатып отыр. М.Мырзағалиев бұл проблемаға қатысты республикалық дəрежеде атқарылып жатқан жұмыстарды мəлімдеді.
– Өзеннің орташа көпжылдық ағыны шамамен 10 текше шақырымды құрауы керек. Бірақ, 2019 жылы небəрі 3,6 текше шақырым, өткен жылы бұдан сəл жоғары, 4 текше шақырым болды. Бұл жерде су дипломатиясы туралы да, климаттың өзгеруі жөнінде де біраз сөз қозғауға болады. Бірақ нақты дерек – осы. Мəселені шешу үшін былтыр желтоқсанның аяғында Ресей Федерациясындағы əріптестермен бірлесіп, Жайықтың экологиялық жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасадық. Өкінішке орай, пандемияға қатысты енгізілген карантинге байланысты өзенді зерттеу үшін физикалық тұрғыдан экспедицияға шыға алмадық. Тек камеральды бақылау жүргіздік. Биыл карантин талаптары жеңілдейді деп үміттенеміз. Наурызда Орынбор қаласында Ресей Федерациясының экология министрімен кездесу жоспарланды. Мұнда Жайықты құтқару жөнінде бірлескен жұмыс а й т а рл ы қ т а й т а л қ ы л а н а д ы д е п сенемін, — деді министр.
ТҮЙІН
Қалай десек те, ауаны ластаған ірі мұнай-газ кәсіпорындарының кесірінен Атырауда қордаланған түйін кбейді. Ал, қоршаған ортаға зиянды әсерді азайту – ірі кәсіпорындар мен жергілікті атқарушы органдардың міндеті. Енді бұл істің қарқынды жүзеге асуына жаңа экологиялық кодекс кп септігін тигізсе керек. Тиісті нормалар жүйелі жүзеге асса, қолқаны қабатын жағымсыз иістен арылып, жасыл желекке оранған Атырауды да көретін күн қашық болмас. Ең бастысы – жергілікті халықтың саулығына көзқарастың түзелгені жөн.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА