Шетелге заңсыз шығарылған қаражат Қазақстанға қашан қайтады

220217211238941e Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «QAZAQSTAN» телеарнасына берген сұхбатында шетелге заңсыз шығарылған қаражатты Қазақстанға қайтару жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сіз Үкіметтің отырысында шетелге заңсыз шығарылған қаражатты Отанымызға қайта әкелу керек деп тапсырма бердіңіз. Бұл тапсырма қашан орындалады? Соның мерзімдері туралы айта аласыз ба?», – деп сұрақ қойды журналист Жайна Сламбек.

«Мен Үкіметке тиісті тапсырма бердім. Бұл мәселе бойынша Үкімет екі айдан кейін маған нақты ұсыныстарын айтады. Содан кейін жұмыс басталады. Аталған мәселе бойынша ауқымды сараптама жасау керек. Онсыз болмайды. Содан кейін шетелдегі тиісті мекемелермен келіссөздер жүргізуге кірісеміз. Бұл өте күрделі әрі ұзақ уақытқа созылатын жұмыс болатын сияқты. Оны ашық айтқан жөн. Бірақ әділдікке жету үшін осы жұмысты бастау керек. Шетелге заңсыз шығарылған қаражатты елге қайтаруға тиіспіз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз