СарапTime: Атырауда тығылып ТОЙ жасаушылар КӨП…

prarararap COVID-19: Соңғы поштадан...

Карантиндік шараларға байланысты өңірде арнайы мобильді топтар құрылып, жұмысқа кіріскен. Жергілікті әкімдіктердің, полиция, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының өкілдерінен құралған топтар мекемелер мен кәсіпкерлік нысандардағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын үнемі тексеріп отырады. Алайда…

Бүгінде қауіпті індет қайта өршіген тұста мобильді топтардың жұмысы қалай ұйымдастырылып отыр? Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысын бұзғандарға қандай шара қолданылады? Біз осы сауалдарға жауап іздеп көрдік.

Биыл – 213 құқық бұзушылық

К а р а н т и н д і к ш а р а л а р д ы ң сақталуын қадағалау мақсатында облыста барлығы 110 мобильді топ құрылған. Олар бүгінгі жағдайды мониторинг арқылы қадағалап отыр. Рейдтер, карантиндік шаралардың бұзылуына жол бермеу мақсатында профилактикалық жұмыстар да күн сайын ұйымдастырылады.

  • – Жыл басынан бері мобильді топтар 26 852 нысанға 6463 рейдтік тексеру жүргізді. Соның нәтижесінде анықталған 213 құқық бұзушылық бойынша полиция бөлімшелерінен Атырау облысының санитариялықэ п и д е м и о л о г и я л ы қ б а қ ы л а у департаментіне материалдар түскен болатын. Құқық бұзушылықтарды зерделеу бойынша шағын және орта кәсіпкерлік ныс андарына, жеке т ұ л ғ а л а р ғ а т и і с т і з а ң д ы л ы қ т а р бойынша барлығы 129 айыппұл салынды, – деді Атырау облысының б а с м е м л е ке т т і к с а н и т а р и я л ы қ дәрігерінің орынбасары Амантай Жұмағалиев.

«Тәртіпке бағынған құл болмайды», десек те…

Б ы л т ы р э п и д е м и о л о г и я л ы қ ахуал ушыққан сәтте сырқаттанғандар саны күрт артып, ауруханалар төсегі науқастарға лық толды. Жасанды желдету аппараттарына таңылып, бір жұтым ауаға зар болғандар қаншама? Науқастардың көбі қауіпті вирусты жиын, қиындықтарды ұмытқандай. Олардың ішінде карантиндік талапты бұзып, бір рет айыппұл арқаласа да, құқық бұзушылыққа сан мәрте жол бергендер бар. Мұндай жағдайда тиісті заңдылыққа сәйкес, олардың ісі сотқа жолданады. Соңғы шешімді сот шығарады.

  • – Былтырдан бері өңірде облыстың б а с м е м л е ке т т і к с а н и т а р и я л ы қ д ә р і ге р і н і ң қ аул ы с ы н б і р н е ш е рет өрескел бұзған 9 кәсіпкерлік субъ е кт і с і а н ы қ т а л д ы . О л а р ғ а қатысты жинақталған іс-құжаттары нысандардың жұмысын тоқтату туралы талап-арызбен Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жолданды, – деді Амантай Төлегенұлы.

 Тығылып той жасаушылар көп

Облыстық полиция департаментінің бөлім басшысы Мейірім Ердәулеттің хабарлауынша, былтыр облыста мобильді топтар карантиндік шектеулерді бұзудың 1956 дерегін тіркеген. Оның басым бөлігі Атырау қаласында орын алып отыр. Ал, мұның ішінде ең жиі кездесетін бұзушылықтар қандай? Мобильді топтар күн сайын тексеру жүргізіп жатқанымен, карантин талабын бұзушылардың артуына не себеп? Бұл бағытта қойылған сауалдарға Атырау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Алтынай Аралбаевадан жауап алдық.

  • – Қалада ең жиі кездесетін бұзушылықтардың бірі – жұмыс кестесін сақтамау, халықтың саны мен әлеуметтік қашықтықты шектеу. Құқық бұзушылық анықталған жағдайда алдымен үйлестіру орталығына хабарланады. Өз кезегінде үйлестіру орталығы тексерілетін субъектіні алдын ала хабардар етпей, объектілерді жоспардан тыс тексеруді жүзеге асыру үшін Атырау қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына шұғыл хабарлама жібереді. Биыл наурыздың өзінде карантиндік талаптарды бұзған 36 заңды және жеке тұлға анықталды, – деді Алтынай Аралбаева.

Той – халықтың асыл қазынасы. Алайда, пандемия жағдайында көпшілікті жинап, іс-шара өткізуге тыйым салынған. Бүгінгі қолданыстағы қаулыға дейін, яғни, облыс коронавирустың таралу көрсеткішін бағалау бойынша «жасыл» аймақта болған кезеңде банкет залдарына 50 адамға дейін рұқсат берілді. Алайда, бұл талапты бәрі бірдей сақтамағаны анық. Мобильді топ келген қонақтарды бас-басына санап шықпайды. Той өткізуге мүлдем тыйым салынған кезде де той иелері мейрамхана қожайындарымен бірігіп, түрлі қулыққа барғаны жасырын емес. Ғимараттың терезелерін жауып, қонақтарды артқы есіктен кіргізеді. Есікті ішінен кілттеп алып, түк болмағандай салтанатты шараны өткізе береді. Мобильді топ өкілдері де халыққа қызмет көрсету орындарында санитарлық талаптардың сақталмайтынын, бұқаралық ісшараларды – банкеттер, үйлену тойлары мен еске алу кештерін өткізу, келушілердің санын шектеу, бетперде режимін және әлеуметтік қашықтықты бұзу жиі кездесетінін растап отыр. Сондай-ақ, облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен белгіленген жұмыс уақытының шектеулерін сақтамайтындар бар.

Атырау қаласында барлығы 18 мобильді топ жұмыс жасайды. Оның 11-і қалада болса, 7-еуі ауылдық округтер бойынша тексеру жүргізеді. Олар наурыз айының соңындағы 4 күнде карантин режимін бұзудың 18 дерегін анықтады. Оның 6-уы «Шәріп», «Атырау Хол», «Сұлтан Плаза», «Аспандиар», «Нұрай», «999» мейрамханаларының иелері 50-ден астам адамды жинап, түрлі салтанатты шаралар өткізген. Осынша құқық бұзушылық «ПИНТА», «Чечел», «Бармаглот», «Вокзал», «Лифт» кафелерінде анықталған. «Вокзал» кафесі 4 күннің ішінде карантинді шектеуді 2 рет бұзған. Бұдан басқа, көпшілікті жинап, үйлерде той жасау да тыйылар емес. Бұл уақытта 2 тұрғын үйде үйлену тойының ұйымдастырылғаны анықталды. Рейд кезінде бетперде тағу режимін сақтамаған 2 адам және карантиндік талапты бұзған 2 лото ойын клубы анықталды. Бұл жайттарға байланысты барлық материалдар Атырау қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданған. Сонымен қат ар, құзырлы орын өкілдерінің айтуынша, қалада сауда нысандары мен қоғамдық көліктерде карантиндік шаралардың бұзылуын болдырмау бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді.

ТҮЙІН

Былтыр елге індет келген тұста көпшіліктің неше түрлі алып-қашпа негізсіз деректерге сүйеніп, сақтық шараларына жүрдім-бардым қарағаны рас. Соның салдарынан дерт тез арада өршіп кетті. Қазір де эпидемиологиялық ахуал күшеюде. Сондықтан, әр адам өткеннен сабақ алуы тиіс. Бүгінде облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен жиын, тойларды өткізуге, банкет залдарының жұмысына тыйым салынған. Тұрғындар мен бизнес иелері бұл талапты қатаң сақтауы тиіс. Ал, індеттің алдын алу мақсатындағы мобильді топтың жұмысы бұрынғыдан күшейтілгені дұрыс. Өйткені, қазіргі кезең босаңсуға болмайтынын көрсетіп отыр.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз