Жарнама
Жаңалықтар

Жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылады

Әлеуметтік желілерде көптеген жалған ақпараттар таратылып, табиғи апатпен күресіп жатқан адамдардың жұмысын қиындатып жатыр. Вице-премьер, су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқынының салдарын жою жөніндегі республикалық штаб меңгерушісінің орынбасары Қанат Бозымбаев мұндай жалған ақпараттар қоғамда, әсіресе зардап шеккен өңірлерде жиі дүрбелең тудыратынын атап айтты.

–Осындай жалған хабарламалардың немесе төтенше жағдаймен күрес жөніндегі штабтардың жалған аккаунттарының барлық авторларына бұл ақпаратты жариялаудағы жауапкершілік туралы ескерткім келеді. «Онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы» заң бар, оған сәйкес пайдаланушылар орналастырылған және таратылатын мазмұнның дұрыстығын тексеруге, жалған ақпаратты таратпауға, сондай-ақ мұндай ақпаратты және кез келген заңсыз мазмұнды жоюға міндетті. Тиісті құрылымдар мұндай жалған ақпаратқа талдау жүргізеді, қажетсіз дүрбелең тудырып, отандастарын алдаған кез келген азамат, өз әрекеттері үшін нақты ақы төлейтін болады, — деп атап өтті Қанат Бозымбаев.

Айта кету керек, мұндай деректер үшін қолданыстағы заңнамада қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button