Жарнама
ЖаңалықтарМәдениетФОТОГАЛЕРЕЯҚоғам

«Ұлы дала тарихы»

Atr.kz/17 қазан, 2019 жыл. Атырау қаласында өтіп жатқан Индер ауданының күндері аясында тарихи-өлкетану мұражайында «Ұлы дала тарихы» атты көрме шымылдығын ашты. Оған ауданның еңбек ардагерлері, жоғары, арнаулы оқу орындарының студенттері мен оқушылар, өнер және мәдениет мекемелерінің қызметкерлері қатысты.

Алдымен «Дендер сазы» фольклорлық ансамблінің орындауында күй күмбірлеп, ән әуеледі. Аталған музей басшысы Рашида Харипова келушілерге «қош келдіңіздер» айтты. Осыдан соң Индер ауданының Құрметті азаматы Бақытжан Мұсағалиев жиналғандарды салтанатты сәтпен құттықтады.

Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Еліміздің, өз жеріміздің тарихымызды, түп тамырымызды білу, кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар жәдігерлер, олар Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік береді» деген болатын.   

img 20191016 110759
img 20191016 105155
cof

Осы орайда, экскурсия жүргізушісі Зәуре Оспанова алдымен аудан тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігіне қысқаша тоқталды. Индер аймақтың солтүстігінде Жайық өзенінің екі жағалауын бойлай орналасқан. Алғашында 1928 жылы Есбол атауымен құрылып, 1962-1964 жылдары Махамбет ауданының құрамында болғанын кейінгі ұрпақ біле бермес. Бүгінде мұнда орталығы болып табылатын Индербор кенті, 6 ауылдық әкімшілік округ пен соларға қарасты 18 ауылда 32 132 адам тұрады.  

Экспозицияларда аудандағы ауыл шаруашылығы, экономика, өндіріс, білім, денсаулық, мәдениет, «Индер-Мәдениет» мемлекеттік мекемесі,  «Дендер» үнқағазы және басқа да сан алуан сала толық қамтылған. Ауданда 9 мәдениет үйі, 13 кітапхана, 4 музей қызмет көрсетеді. Солардың кейбіріне, әсіресе, мұражайларға жаңа еңселі ғимараттар қажеттігі де шара барысында айтылды. Өйткені, аудан халқы артқан сайын музейге келушілер де көбейіп жатыр.

img 20191016 105202
img 20191016 wa0033
img 20191016 105336
img 20191016 105833
cof

Әрине, бұл – қуантарлық жағдай. Ал, күн сайын толығып жатқан жәдігерлер кең бөлмелерді керек етеді. Айтпақшы, алдағы уақытта Махамбет мазарының басында үлкен тарихи кешен құрылысы жоспарланып жатқаны да белгілі болды.  

Ал, осындағы борат кеніші бір кездері әлемге әйгілі болғанын бірі білсе, бірі білмес. Қазір де мұнда «Тұз», «Bias Tech», «ИСИ ГИПС» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері секілді бірқатар өнеркәсіп орындары баршылық. Айта кетейік, көрме осы айдың соңына дейін жалғасады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Суреттерді түсірген:

Гүлзар ТҮСІП

img 20191016 105410
cof
img 20191016 105656
cof
img 20191016 wa0016
img 20191016 105431
cof
img 20191016 105655
cof
img 20191016 wa0053
img 20191016 105142
cof

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button