Атырау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі құрылды

anu 6254 Жаңалықтар

Өңірдегі жұмыс ауқымының кеңеюіне байланысты қала әкімінің шешімімен «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінен «Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бөлініп шықты.

351337128 6520843597966981 7122572430732112905 n

Осы ретте, жаңа бөлімінің басшы лауазымына Мұханбеталиев Әлібек Максимұлы тағайындалды.

Әлібек Мұханбеталиев 1984 жылы Атырау қаласында туған. 2005 жылы Мемлекеттік Атырау мұнай және газ инситутын тәмамдап, автомобиль жолдары және аэродромдар құрылысы бакалавры мамандығын, 2017 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін аяқтап, құқықтану мамандығын алған. Еңбек жолын 2003 жылы бастаған. 2020 жылдан мемлекеттік қызметте.

Тағайындалғанға дейін қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы лауазымында жұмыс жасаған.

Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи қызметіне сәттілік тілеп, жаңа бөлім міндеттерін нақтылап, бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз