Жарнама
Жаңалықтар

Ұландықтар тасқынға қарсы күресті жалғастыруда

Атырау облысында су тасқынының алдын алу мақсатында Ұлттық ұлан сарбаздары Ойыл өзенінің жағалауын бекіту жұмыстарына белсенді кірісті. Төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған бұл іс-шара барысында жауынгерлер бес күн ішінде 8000-ға жуық қапқа құм толтырды.

–Қазір олар осы қаптарды су басу қаупі жоғары аймақтарға тасымалдап, Ойыл өзенінің жағалауын нығайту жұмыстарын жалғастыруда. Бұл маңызды жұмысқа Ұлттық ұланның 60-қа жуық сарбазы жұмылдырылған. Олардың басты мақсаты — тасқын қаупін азайтып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, — дейді республика Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің бастығы Ертуған Әубәкір.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button