Қоғамдық орынға темекі тұқылын тастаған азамат 1 тәулікке қамалды

1 28 Жаңалықтар

Атырау облысының Махамбет ауылында темекі тұқылын қоғамдық орынға тастаған азамат 1 тәулікке қамалды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

1

Іс материалдары бойынша, құқықбұзушы А.Б. қоғамдық орында, яғни Махамбет аудандық аурухана ғимаратының жанында темекі қалдығын жерге тастаған.

Сот отырысында құқықбұзушының әрекеті өзінің кінәсін мойындау жауабымен, сонымен қатар, жинақталған құжаттармен дәлелін тапты.

Салдарынан құқықбұзушы А.Б. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 434-інші бабының, 2-інші бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Айдос Қарабала

Фото alau.kz сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз