Атырауда оқтан жараланған ер адам көз жұмды

20190419190200 1 Жаңалықтар

Аtr.kz/21 сәуір, 2019 жыл. Атырауда атыс кезінде жараланған ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, атыс кезінде жараланған 1986 жылы туған ер адам қайтыс болған. Еске сала кетейік, Атырауда полиция адамға оқ атқан Мақат ауданының екі тұрғынын іздеп жатқаны туралы хабарлаған едік. Әлеуметтік желіде таралған хабарламаға қарағанда, облыстық аурухананың жансақтау бөліміне 1986 жылғы ер адам түскен. Оның сол иығына бытырамен оқ атып, жарақаттаған. Жарақаттанған ер адам – Мақат ауданының тұрғыны. Осы қылмысты жасады деген күдікпен осы ауданның 1973 және 2002 жылғы тұрғындары іздестіріліп жатыр. Адамды жарақаттау фактісі ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тіркеліміне тіркелген.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз