Жарнама
Жаңалықтар

ТЕОЛОГ МАМАНДАР ДӘРІСІ

 

Құлсарыда заманауи технологияның нәтижесінде оның да жолы табылды. Аудан тұрғындары  алғаш рет қала орталығындағы мешітте Skype жүйесі арқылы уағыз-насихат тыңдау мүмкіндігіне ие болды. 

— Бүгінгідей діннің өзекті мәселеге айналғанына алаңдаушылық білдіріп отыратын мешітке келген жамағат енді дәрісті тыңдап қана қоймай, мамандарға өздерінің көкейкесті сауалдарын қойып, тәлімді, нанымды жауап алуға да жағдай туып отыр. Аталған жүйе қондырғысы мешіт ғибадатханасына орнатылып, жастардың жат ағымдар жетегінде кетпеуінің тағы бір шарасы ойластырылуда, — дейді аудандық мешіттің бас имамы Арман Исаев.

 Бұл игілікті шара өзге облыстардағы мешіт қызметкерлеріне де ой салып, ынта-ықыластарын тудырып отырғанда, жаңа жүйенің жүзеге асуына қолдау білдіріп, демеушілік көрсеткен жергілікті кәсіпкерлерге ризашылық сезім, рахметтен басқа айтарың бар ма?!

Қаржау ОРАЗБАЕВ,
меншікті тілшіміз,
Жылыой ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button