Елімізде тауарларға ілеспе жүк құжаттарын рәсімдеу жөніндегі міндеттемелер күшіне енді

99483e341d894c678b5da6cda150ef43 Жаңалықтар

1 сәуірден бастап тауарларға іліспе жүк құжаттарын рәсімдеу бойынша міндеттемелер күшіне енді. Бұл туралы Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Акциздерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы Айбек Бахтияров баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

2020 жылғы желтоқсаннан пилоттық режимде іске асырылған жүйе осы жылдың 1 сәуірінен бастап өз күшіне енді. Аталған жүйе тауарлардың шекара арқылы өтуін бақылау процесін автоматтандыруға мүмкіндік береді.

–  Шет елден келетін немесе шет елге шығарылатын тауарларға ілеспе жүк құжаттарын ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлардың тізбесі бар. Олар: биоотын, этил спирті және алкоголь өнімі, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері, қадағалануға жататын тауарлар, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінетін тауарлар. Іліспе жүк құжаттарды рәсімдеуге жататын тауарлардың тізбесі және рәсімдеу қағидалары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №1424 бұйрығымен реттеледі. Тауарларға ілеспе жүк құжаттарын рәсімдеу мемлекеттік немесе орыс тілінде «Виртуалды қойма» модулі арқылы жүзеге асырылады,- деді А.Бахтияров.

Сондай-ақ ол, тауарларға іліспе жүк құжаттарды рәсімдеу бөлігіндегі бұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 283-1 бабында әкімшілік жауапкершілік көзделгенін жеткізді.

Айта кетейік, тауарларға ілеспе жүк құжаттарды рәсімдеу екі тәсілмен іске асады. Яғни esf.gov.kz порталында немесе электронды шот фактура акпараттық жүйесі мобильді қосымшасы арқылы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз