Малды қорлап өлтірген қасапшының үстінен қылмыстық іс қозғалып жатыр

11 1 Жаңалықтар

Atr.kz/13 қараша, 2019 жыл. Жылқыны азаптап өлтірген мал сою пунктінің қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғалып жатыр.

Бұл туралы Atr.kz редакциясына Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз-хатшысы Назымгүл Қайсағалиева хабарлады.

«Махамбет ауданына қарасты мал сою пунктінде орын алған жағдайға байланысты, видеодағы   қызметкер анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта аталмыш оқиғаға байланысты, ҚР Қылмыстық кодексінің 316 бап, 1 бөлімі бойынша тергеу амалдары жүруде» деді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз-хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.

Еске сала кетелік, бұған дейін Atr.kz сайтында жануарды азаптап өлтірген қасапшының видеосы жарияланған болатын.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Мейрамгул

    Оте дурыс малды корлауга болама