Қазақстан мен Ресей қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары Мәскеуде не талқылады?

11775941 Жаңалықтар

Atr.kz/22 қараша, 2019 жыл.  Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы қауіпсіздік кеңестері аппараттары арасында кеңейтілген жоспарлы консультациялар өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қалмұханбет Қасымов және Ресей Федерациясы қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз – қызметі.

«Тараптар су қауіпсіздігінің жағдайын және трансшекаралық су ресурстарының экожүйелерін сақтау бойынша шараларды егжей-тегжейлі қарады. Соның ішінде Жайық өзенінің бассейнін сауықтыру туралы бірлескен жұмыс бойынша пікір алмасты», – делінген Ақорда мәліметінде.

Бұдан бөлек, күн тәртібіне әлемде сауда-экономикалық тыйым салу жағдайындағы екі мемлекеттің әскери-техникалық ынтымақтастықты күшейту бағыттары шығарылды.    

Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресей қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары әлемдік және өңірлік қауіпсіздік саласындағы қазіргі ахуал мен әріптестік дамудың алдағы бағыттары бойынша пікірлерін білдірді.

Жұмыс нәтижелері бойынша екі елдің тиісті мемлекеттік органдарына нақты тапсырмалар берілді.

Дереккөз: «Спутник-Қазақстан»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз