Жарнама
Жаңалықтар

Теңіз кен орнындағы мұнайшылар дауыс беріп жатыр

Жылыой ауданындағы ірі мұнай компаниялары бар Теңіз кен орнында да дауыс берушілерге барлық жағдай жасалған. Кен орнындағы вахталық қызметтегі жұмысшыларға ауданнан 15 жылжымалы пункт жіберілді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

-Бүгін еліміз үшін тарихи күн. Жұмыста жүрсек те, еліміздің ертеңі, балаларымның баянды болашағы үшін өз таңдауымызды жасауға келдік. Жаңа Қазақстанды құру үшін әркімнің дауысы маңызды, — деді СК мекемесінің қызметкері Руслан Салықов.

Бүгін кен орнында 14 мыңға жуық азаматқа дауыс беруге жағдай жасалған. Олардың ішінде еліміздің басқа өңірлерінен келіп жұмыс істеп жүрген азаматтар да бар. Сайлаушылар аудан орталығынан жеткізілген жылжымалы пункттерде өз таңдауын жасайды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button