Атырауда орталық мешітте Наурыз мейрамы аталып өтті (+ВИДЕО)

screenshot 20220320 165154 Жаңалықтар

Атырауда орталық «Иманғали» мешітінде наурыз мейрамы ауқымды форматта аталып өтті, деп хабарлайды Атырау облсының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Мешіт ауласына киіз үй тігіліп, жамағат дайындалған дастарханнан дәм татты. Балаларға арнап ойын алаңдары, батуттар құрылды. Ер азаматтар арқан тартыс, кір тасын көтеру, қазақша күрестен жарысқа түсті. Киіз үй ішінде әжелер Наурыз жырын айтып, ақсақалдар ғибратты əңгімелерімен бөлісті.

Шараға дін қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты.

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Наурыз мерекесінің халыққа берері көп екендігін атап өтті.

  • Наурыз мерекесі арқылы халқымыздың тамаша салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын жастарға кеңінен дәріптеуге болады. Ұлыстың ұлы күні табиғаттың өзі жанданып, тіршілік түлеп, адамдардың жүректері мейірім мен жылылыққа толады. Бірлігімізді нығайта түсуде Наурыз мерекесінің мәні зор, – деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз