Атырау «сары аймақта»: Өткен тәулікте 35 адамнан коронавирус анықталды

1 11 COVID-19: Соңғы поштадан...

«Қауіпті дертке шалдыққандар қатарында Атырау қаласы, Индер ауданы тұрғындары және Теңіз кеніші жұмысшылары бар» деп хабарлайды  Atr. kz

Яғни, өткен тәулікте Атырау қаласында 8 адамнан, Индер ауданында 1 адамнан инфекция анықталды. Скринингтік зерттеу кезінде Теңіз кенішінен 25 адамнан инфекция расталды.

Қазіргі таңда 6 адамда коронавирус инфекциясы симптомды түрде өтіп жатыр.

Еске сала кетелік, бүгінгі күні 102 адам үй жағдайында, 62 науқас облыстық инфекциялық стационарда, 14 адам аудандардағы инфекциялық стационарларда ем алуда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз