ЖаңалықтарМедицинаШаһар шырайыҚоғам
Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Атырау облысында 38 сәби дүниеге келді (ФОТО)
Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Атырау облыстық перзентxанасында 38 сәби өмірге келді,-деп xабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Дәрігерлердің айтуынша, аналар мен балаларының жағдайы жақсы. Облыстық денсаулық сақтау қызметкерлері мәлімдегендей, бұл күні барлық аналар мен сәбилерге сыйлықтар дайындалып, әкімдік өкілдері мен медицина қызметкерлері құттықтауларын жеткізді.
Аталған жеңілдіктер жыл сайын өткізіліп тұрады және перзентxанада бұл үрдіс дәстүрге айналған.
«Ең бастысы, сәбиім аман-есен. Мен ұл бала дүниеге әкелдім. Сонымен қатар, еліміз үшін осындай маңызды күнде дүниеге келгені екі есе қуаныш сыйлайды. Ол тәуелсіз Қазақстанның жаңа азаматы»,-деп қуанышымен бөлісті жас ана Алма Нығметова.
Айқара Ғұмар