Депутат ардагерді іздеп келді

 Астана күні қарсаңында Атырау қалалық мәслихатының депутаты Қаршыға Жауынбаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әліпқали Бекеш пен «Нұр Отан» партиясының мүшелері еңбек және тыл ардагері Алевтина Морозованы мерейлі жасымен құттықтауға арнайы барды.

  Тыл және еңбек ардагері Алевтина Морозова еңбек жолын 1943 жылы бастаған. Атырау облысының тумасы 47 жыл бойы «Атыраумұнайгазгеология» АҚ-да есепші қызметін атқарған. Ақжаулықты ана биыл 90 жасқа толды. Алевтина әжейдің көзі нашар көретіндіктен қарияның күтімін Беларусь елінен келген жиені Ирина өз мойнына алған. Оның айтуынша, үйдегі тозығы жеткен тоңазытқышты жаңасына ауыстыруға қаржы мәселесі қолбайлау болған екен. Сол себепті олар қалалық ардагерлер кеңесінен көмек сұраған. Енді, міне, халық қалаулылары мереке күні зейнеткердің сұранысын қанағаттандырып, оны зор қуанышқа кенелтті. Қарт әже өзін құттықтап келген азаматтарға зор алғысын арнады.

Абай АҚМҰРЗИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз