img 20201204 wa0038

Автокөлік дөңгелектерін ұрлаған тұрғын бейнекамераға түсіп қалды

Жаңалықтар Құқық
4 / 100

«102» операторына хабарласқан Алмагүл ықшамауданының тұрғыны,  №1 үйдің ауласында тұрған автокөлігінің төрт дөңгелегі ұрланғанына шағымданды.

Атырау ҚПБ-ның Жедел басқару орталығының  аға инспекторы, полиция аға лейтенанты К.Исмаганбетов және бейнебақылау инспекторы полиция майоры А.Латипов оқиға болған аумақ маңайында орналасқан бейнекамералардың бейнежазбаларын мұқият қарау барысында Nissan X trail автокөлігінің оқиға орнына келіп,  көлік дөңгелектерін автокөлігіне тиеп, оқиға орнынан белгісіз бағытқа кетіп қалғанын анықтады.

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шарасы барысында аталған автокөлікті ықшамауданның  №3 үйдің ауласынан тапты. Жедел тергеу тобы күдікті  2002 жылы туған  жігітті ұстады. Тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

«Атырау облысы полиция департаментінің Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған