Жарнама
Жаңалықтар

Әскерилерді баспанамен қамту – басты назарда

Елімізде қызмет бабымен көшіпқонып жүретін әскерилердің басында баспанасы болмағандықтан, пәтерден пәтерге қоныстануға, қызметтік пәтерлерде тұруға мәжбүр. «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» атты Президенттің бірінші бастамасы аясында бұдан былай пәтер жалдауға берілетін өтемақы тұрғын үй төлемдеріне ауыстырылмақ.

Әскерилерді баспанамен

Яғни, бұрын тұрғын үй төлемдері тек жалға берушілердің қалтасына кеткен болса, бұдан былай бюджет шығындары әскерилердің баспаналы болуы үшін жұмсалады. Осыған орай Қорғаныс министрлігі заң департаменті нормативтік құқықтық актілер басқармасы заңнамалық бөлімінің аға офицері, әділет майоры Еркебұлан Абижов әскери қызметкерлермен кездесті.

Оның айтуынша, осыған дейін баспана жалдауға төленетін ақша әскери қызметкердің жеке есепшотына салынып келді. Енді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» әскери қызметкерлер мен арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне арналған «5–5–25» бағдарламасына сәйкес бөлінген қаржы банкке жіберіледі. Банк сол қаржыны арнайы есепшотта сақтайды. Қорда қаржысы барларға бес пайызға дейін төмендетілген несие ұсынылады. Бұл тиімді, 12-15 жыл ішінде қарызды өтеп, пәтерді толықтай иеленуге мүмкіндік бар. Оған дейін иеліктегі мүлік банктің кепілдігінде болмақ.

Баспана тұрғын үй комиссиясының шешімімен, кезек тізіміне сәйкес беріледі. Қызметкер жұмыс орнын ауыстырған жағдайда, яғни басқа өңірге ауысуы барысында қызметін өткерудің жаңа орны бойынша тұрғын үй төлемін алуды жалғастырады.

Егер әскери қызметкер бұрынғы қызмет орны бойынша несие рәсімдеген болса, тұрғын үй төлемінің көлемі шарттық міндеттемелер толық орындалғанша сақталып қалады.

Қазір пәтерлік өтемақыны 70-ке жуық әскери қызметші алады.

Үрбайза АБИТОВА,

облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің бастығы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button