Жаңалықтар

Орал қаласында төтенше жағдай жарияланды

Орал қаласы, Шыңғырлау, Бөрлі және Бәйтерек аудандары әкімдерінің шешімімен жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар жарияланды. Су тасқынымен күрес әлі жүріп жатыр.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, тек өткен тәуліктің ішінде қауіпті учаскелерде 4 мың дана қапқа инертті материалдар салынып төселді, 25 мың текше метрден астам су сорылды.

«Жалпы, су тасқынына дайындық және оған қарсы күрес кезеңінде 15 мыңнан астам қапқа инертті материалдар салынып төселді, шамамен 300 мың текше метр су сорылды, 300 мыңнан астам текше метр қар шығарылды, 5 мыңнан астам ойық бұрғыланды, 65 мың шаршы метр мұз кесілді», – дейді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істейді, оған Қазақавтожол және Қазсушар өкілдері де кірді.

Облыстық және республикалық штаб базасында жедел желі телефоны ашылды (бір тәулікте ақпараттық сипаттағы 109 қоңырау түсті).

Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың күшімен алдын ала 149 адам эвакуацияланды, 300-ге жуық ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз жерлерге айдалды.

«Авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге Атырау және Маңғыстау облыстарынан қосымша тартылған ТЖМ күштері мен құралдарын қоса алғанда, ТЖМ құтқару бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың, ІІМ, ҚМ жеке құрамынан 800-ден астам адам жұмылдырылды. Жедел жұмыстарда 200-ден астам техника және 100-ден астам су айдау құралдары қолданылады», – дейді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button