Атырауда техникалық реттеу саласының жүзге жуық маманы біліктілігін арттырды

screenshot 20200824 152607 Жаңалықтар

Атырау қаласында 2020 жылдың 18-20 тамыз аралығында Стандарттау жөніндегі ұлттық орган қашықтықтан оқыту форматында техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласындағы қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру бойынша семинар өткізді.

Кәсіби құзыреттілік деңгейін арттырудан Атырау өңірінің құрылыс және химия саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың, жоғары оқу орындарының, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың, сынақ, тексеру және калибрлеу зертханаларының, Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының, жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің 100-ге жуық өкілі өтті.
Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтының Оқыту және ғылыми жұмыстар басқармасының бастығы Гүлмайда Кәрімова семинарды ашып берді.
Үш күн ішінде семинарға қатысушылар талап етілетін бағыттардағы заңнама талаптарын зерттеді:

  • стандарттау, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, отандық өнімнің сапасын арттыру кезінде оны практикалық қолдану;
  • метрология, өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы нормативтік құқықтық актілерді практикалық қолдану;
  • сәйкестікті растау және аккредиттеу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер мен стандарттарға қабылданған өзгерістер;
  • Техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау, ЕАЭО елдеріндегі нарықты бақылау мен қадағалаудың заңнамалық негізі;
  • Қытай, Иран, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия экспорттың басым елдердің нарықтарына техникалық реттеу және өнімнің қол жеткізу жүйесінің шарттары.

Құрылыс материалдары және химия өнеркәсібі бағыттары бойынша стандарттау және техникалық реттеу туралы заңнаманы қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы мақсатта семинардың екінші күнінде тыңдаушылар екі платформаға бөлінді.
Тыңдаушылар шетел мемлекеттерінің стандарттарын, халықаралық ұйымдардың стандарттарын, кәсіпорындар қызметіндегі мемлекетаралық стандарттарды іс жүзінде қолдану, ЕАЭО реттелмейтін салаларында ұлттық стандарттарды қолдану мәселелеріне үлкен қызығушылық танытты.

Сондай-ақ тыңдаушыларды бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы заңнамалық өзгерістер қызықтырды.
Өлшем құралғыларды ГСИ жүйесіне енгізу, экономика салалары бойынша мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесі бойынша мәселелер және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнаманың жаңа моделі негізінде калибрлеуді дамыту мәселелері қызу талқыланды.
Семинар барысында тыңдаушылар қойылған барлық сұрақтарға жан-жақты және толық жауаптар алды және алған білімдерін алға қарай практикалық қолданылуда маңыздылығын атап өтті.


Сондай-ақ, қашықтықтан оқыту форматының артықшылықтары атап өтілді, мысалы, тыңдаушының орналасқан жеріне қарамастан қатысу, қажет болған жағдайда дәрістерді қайта тыңдау үшін жазу мүмкіндігі.
Стандарттау жөніндегі ұлттық орган дәстүрлі форматтармен қатар озық цифрлық технологияларды пайдалану жолымен стандарттау және техникалық реттеу мәселелері бойынша кәсіпорындармен және ұйымдармен жұмысты одан әрі жалғастырады.

Анықтама ретінде:

дәріскерлер Евгений Цхай – «ҚазСтИн» РМК Талдау және стандарттау орталғының бастығы; Казкен Оразалина – тәуелсіз сарапшы-кеңесші, минералдық ресурстар академиясының корреспондент-мүшесі; Қайрат Садыханов – ТК 78 стандарттау бойынша «Құрылыс материалдары және бұйымдары» (ИННОБИЛД» ЖШС) Төрағасының орынбасары; Жанна Мулдагалиева – «ҚазМетрИн» РМК Батыс-Қазазстан филиалының жетекші маманы; Айтмухан Мусин – «ҚазСтИн» РМК Талдау және жүйелендіру орталығының бас маманы; Бейбут Абилев – «СҚО бойынша ҚР ТЖМ ТРМК Департаменті РММ»    департамент басшысы – СҚО мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы; Карлығаш Саттыбаева – «ҚазСтИн» РМК Саудадағы техникалық кедергілер және санитарлық фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпараттық орталық бастығының орынбасары.

«Atr.kz»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз