Жарнама
БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтарҚоғам

Атыраудың «Бейбарысы» – жартылай финалда (+ВИДЕО)

   Atr.kz/21-ақпан, 2019 жыл.   Кеше кешкісін Теміртауда жергілікті «Теміртау» хоккей клубымен кездескен Атыраудың «Бейбарыс» командасы қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізіп, ел чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

    Ойын жерлестеріміздің басымдылығымен өрбіді. «Бейбарыстан» теміртаулықтар қақпасына Куликов екі, Вишняков, Митряков және команда сұр мергені Некряч бір-бірден шайба соғып, жеңіс сыйлады.

Еске сала кетейік, атыраулықтар бұған дейін «Теміртауды» 3:0, 3:2 және 2:1 есебімен ұтқан болатын. Жартылай финалдағы қарсыласымыз жақында белгілі болмақ.

   Плей-офф ойындары өзге командалар үшін одан әрі жалғауда. Павлодардың «Ертісі» қызылжарлық «Құлагерді» 3:1 есебімен қапы қалдырды. Мұнда төрт кездесу нәтижесі 3:1, «Алматы» клубы «Арланды» тізе бүктірді. Мұндағы жалпы есеп тең – 2:2.

Бақытжан ЖҰМАТ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button